ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

КИКБОКСШЫЛАР ЕЛ МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТТІ

20:42, 19 мамыр 2022

Мамырдың 11-і мен 15 аралығында Түркияның Стамбул қаласында жастар мен ересектер арасында кикбоксингтан сегізінші әлем кубогы өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған солтүстік қазақстандық кикбоксшылар жүлдемен оралды. Атап айтқанда Омар Тулебаев, Аслан Асылбеков, Данияр Жарасов қола жүлде еншілесе, Наталья Богданова алтыннан алқа тағынып ел мерейін үстем етті.

 Мамырдың 11 мен 15 аралығында төрткүл дүниенің ең үздік кикбоксшылары Стамбулда бас қосты. Әлемнің 45 елінен келген 3 мыңнан аса спортшы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын иеленді. Өңіріміздегі бұл спорттың дәл қазіргі даму қарқыны жақсы деңгейде. Әлем кубогының қорытындысы бойынша теріскейлік 4 спортшы жүлдемен оралды. Спортшыларды жарысқа дайындаған бапкер Дастан Қабденовтың айтуы бойынша «Ұлттық құрама сапында өнер көрсететін спортшылардың көбі солтүстік қазақстандық кикбоксинг мектебінің түлектері» екен.

 ДАСТАН ҚАБДЕНОВ , ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- Жеңімпаздарды арнайы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов құттықтады. Ол спортшыларға артылған үмітті ақтағандары үшін алғыс айтып, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.

 Наталья Богданова жарыс жеңімпазы. Ол 65 кг салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, барлығын  айқын жеңді. Айта кететін бір қызық жайт, бойжеткеннің кикбоксингпен айналыса бастағанына көп уақыт бола қоймаған екен. Бұрын жеңіл атлетика және бокспен айналысқан. Қысқа мерзімде осындай үлкен жетістікке жеткен қыздың нәтижесі отандық спорт сарапшыларын таңдай қақтырды.

НАТАЛЬЯ БОГДАНОВА , ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Үш жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыластарымды айқын жеңдім. Енді демалып алғаннан кейін, халықаралық оқу жаттығу жиындарына барамыз. Себебі алда Ислам ойындары бар.

Спортшылардың күнтізбесінде тамыз айында  Араб әмірліктерінде өтетін Ислам ойындары мен Ирландияда өтетін жастар арасындағы әлем чемпионаты тұр. Демалып алғаннан кейін спортшылар сол сайыстарға дайындалу мақсатында,  Шымкентке оқу жаттығу жиындарына аттанбақ.

 

Әміре Ақбатай

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ГІР СПОРТЫНАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
20:42, 30 маусым 2022
ОБЛЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ГІР СПОРТЫНАН ҮЗДІКТЕР...
Толығырақ...
БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
20:36, 27 маусым 2022
БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Толығырақ...
ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
17:20, 27 маусым 2022
ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...