ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

Қ.МАЛҒАЖДАРОВТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

13:04, 4 мамыр 2021

Өткен сенбі жерлесіміз, кеден қызметінің полковнигі Қайсар Малғаждаровтың құрметіне шағын футболдан турнир өтті. 8-ші жыл қатарынан өткізіліп жатқан спорт додасына осы салада тыНбай еңбек еткен 45 жастан асқан ардагерлер, марқұмның жора-жолдастары қатысты.

Қайсар Малғаждаров кеден саласында 18 жылдан астам уақыт  қызмет етті. Еңбек жолын инспекторлықтан бастап, департамент бастығына дейін көтерілді. Бала кезінен  саламатты өмір салтын ұстанып, спортқа жақын болды. Достарының бірі  Біржан Жалғасбаевтың айтуынша, Қайсар спортқа ғана емес сонымен қатар мәдениетке де жақын болды. Бос уақытында кітап оқығанды жақсы көретін. Өзінің ашық, жарқын мінезімен, еңбекқорлығымен ағамыз өз ортасында сыйлы азаматтардың бірі болған.

БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, Қ.МАЛҒАЖДАРОВТЫҢ ДОСЫ:

- Қайсар менің рухани досым. Осы азаматтың жастарға қандай болғанын айту, өнерге жақын болғанын айту біздің парызымыз. Қайсар бауырымызбен кездескенде өнер, мәдениет туралы көп сөйлесетінбіз. Бүгінгі осы турнирдің өтуі ойлаймын үйде отыра алмадым, осындай қасиетті айда тілек тілеудеміз.

Жерлесіміздің құрметіне өткізілетін мұндай турнир игі дәстүрге айналды. Биыл шағын футболдан жарыс 8-ші рет ұйымдастырылған. Додаға Кайсар Малғаждаровпен кеден қызметінде бірге еңбек еткендердің барлығы қатысты. Жыл сайын турнирге Көкшетау, Алматы, Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларынан жақын достары мен әріптестері қаза тапқан жолдасын еске алу үшін жиналады.

БАҚЫТЖАН СӘМИЕВА, Қ.МАЛҒАЖДАРОВТЫҢ ӘПКЕСІ, Қ.Малғаждаров атындағы ЖҚҚ атқарушы директоры:

- Мамырдың 3-і  інім   көзі тірі болса 52 жасқа толар еді. Өкінішке орай уақытынан ерте өмірден кетті. Әрине, отбасы мүшелерінің, достарының, жақындарының есінде Қайсарымыз мәңгіге қалатыны сөзсіз.

Биыл турнирге 4 команда қатысты. Бұл 30-дан астам спортшы. Барлық қатысушылар алғыс грамоталармен марапатталады, ал жеңімпазға жыл сайын чемпионнан чемпионға өтетін кубок табыс етіледі.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...