Спорт сүйер қауым үшін қуанышты жаңалық! Конькимен жүгіруден жерлесіміз, Қазақстан құрамасының мүшесі Роман Креч Нидерланды елінің Херенвен қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде үшінші орынды жеңіп алды.
Тәжірибелі спортшы «В» тобында сынға түскен болатын. Ол 1000 метрге жарысудан кіші қола медальға ие болды. Бірінші орынды польшалық Петр Мичальски иеленсе, екінші орынға эстониялық Мартен Лиив жайғасты.