ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

17:24, 29 сәуір 2021

Петропавлда көркем гимнастикадан облыстық чемпионат бастау алды. Биыл жарыс ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орайластырылып отыр. Оған 200-ден астам жас гимнастшы қатысып жатыр. Жүлдегерлер ел біріншілігіне жолдама алады.

Анастасия Величко- 6 жаста. Жас гимнастшы бұл додаға екінші рет қатысып жатыр. Бұған дейін жүлдегерлер қатарынан көрінген спортшы бұл жолы да жеңістен үмітті.

АНАСТАСИЯ ВЕЛИЧКО, ЖАРЫС ҚАТЫСУШЫСЫ:

«Маған көркем гимнастика ұнайды. Бұл жарысқа екінші рет қатысып жатырмын. Бұл жолы жақсы дайындықпен келдім. Үздіктер қатарынан көріну үшін бар күш-қайратымды саламын.»

Бүгінгі күні өңірде бұл спорт түрімен 500-ден астам гимнастшы шұғылданып жүр. Ал аталмыш жарысқа қатысуға өңірдің түкпір-түкпірінен 15 жасқа дейінгі 200 спортшы жиналған.

 АНАСТАСИЯ НОРКИНА, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

«Эпиджағдайға байланысты бұл додаға басқа өңірдің спортшылары келе алмады. Сондықтан осы жолғы сайыста тек өңірдің гимнастшылары өнер көрсетіп жатыр. Жарыстың ережесіне сәйкес, музыка сазымен лента, доп және шеңбермен түрлі жаттығулар орындамақ. Ал олардың өнерлерін халықаралық дәрежедегі төрешелер бағалайды.»

Көркем гимнастикадан облыстық чемпионат екі күнге шақталған. Жүлдегерлер қатарынан көрінгендер ел біріншілігіне жолдама алады. Ал ол мамырдың 16-сы мен 22-сі аралығында Шымкент қаласында өтпек.

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...