ШҰҒЫЛ! ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

К.САФИННІҢ ҚҰРМЕТІНЕ БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

17:22, 26 қараша 2021

Петропавлда жерлес спортшы, боксшы, әлем кубогының иегері Камиль Сафинннің құрметіне республикалық турнир өтті. Сайыста еліміздің әр өңірінен келген 160 былғары қолғап шебері бас қосты. Олар 13 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтамақ. Сонымен қатар, жеңімпаздар Ұлттық құрама мен халықаралық деңгейде өтетін жарыстарға жолдамаға ие болады.

Ақтөбе облысының намысын қорғап келген Райымбек Амантаев 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жас жігіт 6 жылдан бері бокспен кәсіби түрде шұғылданып келеді. мұндай дәрежедегі жарысқа алғаш қатысуы. Спортшы республикалық турнирде жеңіске жетіп, Азия чемпионатына жолдамА АЛМАҚ.

РАЙЫМБЕК АМАНТАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ:

  • Ағалармен ақылдастық үшке ұрып, Аллаға шүкір қарсыласымды сындырып тастадым. Минимум 3-і орын максимум 1-ші орын күтемін. Бұйыртса өтіп Азияға отборочныйға түсіп, онда чемпион болу.

Мұндай турнирді өткізу өңірімізде игі дәстүрге айналды. Ұйымдастырушылардың сөзінше биыл қатысушылардың саны екі есе көп. 13 облыс пен 3 қаладан  160 спортшы келген. Араларында спорт шеберлігіне үміткерлер, республикалық және көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар. Ал, Солтүстік Қазақстанның намысын әлем чемпионатында соңғы рет 2016-шы жылы Евгений Павлов қорғаған. Сол себепті биыл, ұлттық құрамадағы орын үшін 8 жерлесіміз бақ сынамақ.

ҒАЛЫМБЕК КЕНЖЕБАЕВ , БОКСТАН ҚР ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

  •  Бұл турнир аясында Ұлттық құрамаға іріктейміз. Себебі, келесі жылы 2004-2005-ші жылдары туған жігіттер Азия чемпионатында, Әлем чемпионатында өнер көрсетпек. Халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғау керек. Осы реттеге бұл спортышларға артар үмітіміз зор.

МАРАТ АБУЛҒАЗИЕВ, СҚО БОЙЫНША БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

  • Өңіріміздің намысын қорғайтын 8 спортшының дайындығы жоғары деңгейде. Үмітімізді ақтайды деп сенемін. Олар қарсыластарын нокаутқа жібереді деп ойлаймын.

Республикалық турнирдің қорытындысы бойынша 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жеңіске жеткен спортшылар алғыс хаттар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

"ЖЕҢІС КУБОГЫН" ПЕТРОПАВЛДЫҚ  ЖАС ХОККЕЙШІЛЕР ЖЕҢІП АЛДЫ
20:48, 18 мамыр 2022
"ЖЕҢІС КУБОГЫН" ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЖАС ХОККЕЙШІЛЕР ЖЕҢІП АЛДЫ
Толығырақ...
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:42, 17 мамыр 2022
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
13:03, 17 мамыр 2022
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
20:34, 16 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ
Толығырақ...