Волейболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының қорытындысы бойынша петропавлдық" Қуаныш " 3-орынды иеленді.Азамат Есімовтың шәкірттері, 5рет жеңіске жетіп, соңғы ойындарда Өскемен мен Талдықорған командаларынан жеңіліп қалды.
Жерлес споршылар 3-1 есебімен Алматы және Қарағанды командаларынан басым түсті. Осылайша, 28 ойыннан кейін волейболшы қыздар 56 ұпай жинап, 19 рет жеңіске жетсе, өкінішке орай 9рет қарсыластарынан жеңіліп қалды. «Қуаныш» қыздар командасында 4 турдың үздік ойыншысы болып Маргарита Бельченко танылды. Әзірге, шешуші матчтардың өтетін орны мен күні әлі анықталған жоқ. Бірақ турнирдің финалына шығу үшін "Қуаныш" волейболшылары Талдықорғандық спортшылармен бақ сынасуы керек. Айта кетейік, жартылай және финалдық жекпе-жектер "Қазспорт"телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.