ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

«ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

13:09, 9 қараша 2021

Солтүстікқазақстандық спортшылардың қоржынында тағы бір жеңіс. «Қуаныш» волейбол клубы Өскеменде өткен Қазақстан кубогында үшінші орынға ие болды. Қыздар 6 кездесу өткізіп, төртеуінде жеңіске жетті. Қазір спортшылар ұлттық лиганың үйдегі ойындарына дайындалу үстінде.

2021 жылғы Қазақстан кубогында күтпеген нәтижелер тіркелді. Қазақстан кубогының финалдық кезеңі Өскемен қаласында өтті. Кубоктың топтық сынында петропавлдық спортшылар «Қарағанды»,»Тараз», «Ертіс-Казхром» ұжымдарын тізе бүктіріп, үлкен сенсация жасады. Солтүстік Қазақстан волейбол спортының тарихында алғаш рет жергілікті команда ұлттық әйелдер лигасының командалары арасында қола жүлдені иеленді.

АЗАМАТ ЕСІМОВ, «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Үздік үштіктің қатарынан көріну басты мақсат болды.Тіпті одан да жақсы нәтиже көрсеткіміз келді. Енді алдағы ұллтық лиганың бірінші турына дайындаламыз.

Ұлттық лиганың тұсаукесер ойындары 11-19 қараша аралығында Петропавлда өтеді. Еліміздің ең үздік 9 құрамасы 3 топқа бөлініп, алғашқы тур ұпайларын өзара сарапқа салады. "Қуаныш" волейбол клубы Талдықорғандық «Жетісу» және Өскемендік «Алтай-1» ұжымдарымен бақ сынасады.

ЕКАТЕРИНА МИХАЙЛОВА, "ҚУАНЫШ" ВК КАПИТАНЫ:

- Бізге нақты мақсаттар қойылды. Ол өткен маусымдағы көрсеткіштен жақсы нәтижеге қол жеткізу. Командаға жаңадан тек Анастасия Коломонец келді. Қалған құрам өзгерген жоқ.

Қазақстан кубогынан оралған қыздардың демалуға уақыты аз.  Қазір волейболшылар күніне 2 рет жаттығу жүргізіп, чемпионатқа дайындықты бастап кетті.

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛАГЕР» ХК МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
13:05, 25 қаңтар 2022
«ҚҰЛАГЕР» ХК МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Толығырақ...
«ҚҰЛАГЕР» ХК ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
20:48, 24 қаңтар 2022
«ҚҰЛАГЕР» ХК ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ОЛИМПИАДАҒА ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН 3 БИАТЛОНШЫ ҚАТЫСАДЫ
20:34, 24 қаңтар 2022
ОЛИМПИАДАҒА ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН 3 БИАТЛОНШЫ ҚАТЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...