Елімізде шайбалы хоккейден ел чемпионаты жалғасып жатыр. Бұл жолы «Құлагер» хоккей клубы сырт алаңда өскемендік «Торпедо» клубына қарсы матч өткізді.
Алғашқы кезеңнен жерлестеріміз ойын тізгінін қолға алып, 0:2 есебімен алға шықты. Екінші кезеңде де «құлагерліктер» шабуылдарын тоқтатпай қарсылас команданың қақпасына 3 шайба соқты. Ал үшінші период 3-7 есебімен аяқталды. Осылайша солтүстікқазақстандық құрама маңызды жеңіске қол жеткізді. Қос құрама арасындағы екінші матч бүгін сағат 18:30-да өтеді. Матч әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетілмек.