«Құлагер» хоккей клубының жастар құрамасы өз мұз айдынында Өскемендік «Торпедо» командасын қабылдады. Ойын қандай нәтижемен аяқталды? Әріптесім баяндасын.
Төтенше жағдай режимі алынғаннан кейінгі өткізіліп отырған алғашқы матч тартысқа толы болды. КездесудІҢ 15-ші минутында «Торпедо» құрамасының ойыншысы ҚАҚПАҒА ГОЛ СОҒЫП, есепті ашты. Алайда араға көп уақыт салмай «құлагерліктер» таразы басын теңестіріп кетті.
Екінші кезеңнің басында «Құлагер» құрамасының ойыншылары қатарынан екі шайба соғып, алға суырылып шықты. Дегенмен кезең соңында қонақтар құрамасы есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартты.
Ал үшінші кезеңде «Торпедо» құрамасы жиналып, жерлестерімізді 3-5 есебімен жеңді. Енді «Құлагер» хоккей клубының жастары келесі кездесуін ақпанның 8-і күні «Мұнайшы» қомандасына қарсы өткізеді.