ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

«ҚҰЛАГЕР» ӨЗ АЙДЫНЫНДА ҰТЫЛДЫ

20:52, 8 қыркүйек 2021

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында  «Құлагер» мен Ақтөбе командалары арасындағы қарымта ойын өтті.Петропавлдағы Александр Винокуров спорт сарайында болған тартысты кездесу тағы да қонақтардың пайдасына шешілді.

Кездесудегі есепті Ақтөбе сапынан Антон Сошников ашты. Дегенмен араға көп уақыт салмай «құлагерліктер» таразы басын теңестірді. Мергендігімен көзге түскен шабуылшы Дмитрий Макеев. Ойын негізгі уақытта тең түсіп, экстра-таймға созылды.Өткен кездесуде хэт-трик авторы атанған  Дмитрий Скатов осы жолы жеңіс шайбасын салып, ақтөбеліктерге екінші ойын қатарынан жеңіс әкелді. Ал «Құлагер» қоржынындағы екі ұпаймен біріншіліктің 7 орнына табан тіреді. Келесі ойынын 10 қыркүйек күні өз айдынында атыраулық «Бейбарыс»  клубына қарсы өткізеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...