ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ҚЫСҚЫ СПОРТТЫҚ МАУСЫМ АШЫЛДЫ

17:21, 2 желтоқсан 2021

Петропавлда дәстүрлі шаңғы жарысымен жаңа қысқы спорттық маусым ашылды.  Оған 200-ден астам адам қатысып, Борки кентіндегі шаңғыроллерлік трассаға жиналды. Шараға ниет білдіргендердің арасында мемлекеттік қызметкерлер, спортшылар, студенттер, мектеп оқушылары бар. Әріптесім дайындаған сюжетке назар аударайық.

Облыстағы қысқы спорттық маусым Петропавлда өткен алғашқы бұқаралық шаңғы жарысымен ашылды. Оған негізінен саламатты өмір салтын ұстанатын адамдар қатысты. Бүгін 200-ге жуық адам шаңғыларын алып өз күштерін сынап көруге келді.

СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Бүгін бізде қысқы спорттық маусым ашылды. Біз шаңғымен жаппай жүгіруді бастаймыз сондай-ақ жеке жарыстар да  болады. Жаппай жүгіруге 200-ден астам әуесқой шаңғышы мен кәсіби шаңғышылар қатысты. Спорт мерекесін Тұңғыш Президент күніне орайластырдық. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын.

 Альберт Алмаев 74 жаста. Егде жасына қарамастан белсенді өмір салтын ұстанады, осындай бұқаралық жарыстарды қалт жібермейді.

АЛЬБЕРТ АЛМАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Тұңғыш президенттің құрметіне шаңғымен жүгіріп жатырмыз. Мен шаңғымен 39 жасымнан бері айналысып келемін. Қазір жасым 74-те, барлығына спортпен шұғыданыңыздар дегім келеді. Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын, мықты денсаулық тілеймін.

Жарысқа қатысушылар көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

– Мен осындай іс-шараларға қатысқанды ұнатамын. Бұл менің  3 жарысым.  Бәріне сәттілік тілеймін!

 - Бүгін спорт маусымы Тұңғыш Президент күніне орайластырылып ашылып жатыр. Жақсы ұйымдастырылған.  Мерекемен құттықтаймын.

 Спорттық жарыс болмаса да, кейбір санаттар бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңілгендер жоқ - барлығы қатысқандар марапатқа ие болды.

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛАГЕР» ХК ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
20:48, 24 қаңтар 2022
«ҚҰЛАГЕР» ХК ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ  ҚЫСҚЫ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ
13:05, 24 қаңтар 2022
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ҚЫСҚЫ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ
Толығырақ...
БЕЙЖІҢДЕГІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖЕРЛЕСІМІЗ И.АРЖАНИКОВ ҚАТЫСАДЫ
20:48, 21 қаңтар 2022
БЕЙЖІҢДЕГІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖЕРЛЕСІМІЗ И.АРЖАНИКОВ ҚАТЫС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...