ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ЖАСТАР КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ

17:27, 11 қараша 2020

Қызылжардың жастар командасы футболдан ҚР екінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінде топ жеңімпазы атанды.  Жерлестеріміз дүбірлі додада 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, 12 ұпайға қол жеткізген болатын. Биіктен көрінгендерді облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов құттықтап, жергілікті аяқдопшыларға келешекте сәттілік тіледі.

Биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты Екінші лигада өнер көрсеткен 21 команда аймақ бойынша 4 топқа бөлініп, шын мықтыны анықтаған болатын. Қызылжардың жастар командасы үшінші топта ойнап, «Астана», «Оқжетпес», «Рузаевка», «Тобыл» және «SD Family» командаларымен Көкшетау қаласында бақ сынасты.

ФЕДОР СИМИНИДИ, «QYZYLJAR» ФК СПОРТТЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

«Биылғы жыл ауыр болды. Эпиджағдайға байланысты жас футболшыларымыз маусымды тым кеш бастады. Тек 9 айды жаттығуға жұмсады. Сондықтан командалар аймақ бойынша төрт топқа бөлініп ойнады. Топтағы құрамалар осал болған жоқ. Бірақ, оған қарамастан біздің команда жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бірінші орыннан көрінді. Себебі бұл жеңіс облыс үшін аса маңызды. Енді келесі жылы бәрі орнына келеді деп сенеміз.»

Тәжірибелі бапкер Николай Стоякиннің жетекшілігімен жаттығатын жерлестеріміз  Екінші лига аясында 5 ойын өткізіп, Матчтар барысында төрт ойында жеңіске жетті. Сөйтіп, қоржынында 12 ұпайы бар Қызылжардың жастар командасы өз тобында тарихта алғаш рет жеңіске қол жеткізді. Ал құраманың шабуылшысы Максим Скорых қарсылас командалардың қақпасына 4 гол соғып, біріншіліктің «Үздік сұрмергені» атанды.

НИКОЛАЙ СТОЯКИН, БАС БАПКЕР:

«Шектеу шаралары кезінде де барлық санитарлық нормаларды барынша сақтай отыра жаттығуды тоқтатқан жоқпыз. Нәтижесінде бізге сенім артқан солтүстікқазақстандық жанкүйерлердің көңілінен шықтық деп ойлаймын. Жалпы, соңғы жылдары өңірде футболға көп қолдау көрсетіліп жатыр. Облыс әкімінің қолдауының арқасында қосымша алаң салынды. Дайындықтың негізгі бөлігін сонда өткізген едік.»

Биіктен көрінгендерді облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов құттықтап, келешекте оларға сәттілік тіледі.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Алғашқы рет олар Екінші лиганың чемпионы атанды.Бұл- үлкен жеңіс. Баршаңызды осы жеңіспен құттықтаймын. Сіздерге тілейтінім зор денсаулық, бақыт біздің футболшыларымыз үлкен белестерге жете берсің. Соған біздің облыста бар жағдайлар жасалып жатыр.» 

Айта кетейік, жақында клуб басшылығы жергілікті футболшылармен келесімшартты ұзартты.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛАГЕР» ХК ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАМАСЫНАН ЖЕҢІЛДІ
13:05, 13 қаңтар 2021
«ҚҰЛАГЕР» ХК ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАМАСЫНАН ЖЕҢІЛДІ
Толығырақ...
«QYZYLJAR» ФК ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
17:25, 8 қаңтар 2021
«QYZYLJAR» ФК ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...