ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙІНІҢ МАҢЫНАН СПОРТШЫЛАРҒА АРНАП АЛЛЕЯ АШТЫ

20:46, 3 қараша 2021

Петропавл қаласының тұрғыны, ҚР-ның спорт қайраткері, қазақ күресінен бірнеше дүркін чемпион Бауыржан Құлжанов өз үйінің жанындағы бос жатқан жерді саябаққа айналдырды. Алаңда талай дүбірлі додада топ жарған спортшыларға арналған ескерткіштер орнатылған. Әсіресе, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының, олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің мүсіні ерекше көзге түседі. Бұл туралы  тілшіміздің бейнематериалына назар аударайық.

Мінекей бір 3-4 жыл бұрын идея келді, осы мына жерге бір жақсы алаң салсам деп. 

Петропавл қаласы, Борки кентінде орналасқан «Даңқ аллеясы» Спорт қайраткері Бауыржан Құлжановтың үйінің маңында  бос жатқан жерде орын тепкен. Алаңда талай дүбірлі додада еліміздің абыройын асқақтатып, топ жарған спортшыларға ескерткіштер орнатылыпты. Кейіпкеріміздің айтуынша, спорт аллеясын ашу идеясы осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған екен.

БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ:

Ресейде жүргенде көрдім. Сочиде бір спорт шарасында көрдім. Бір жер осындай алаң бар екенін кішкентай. Сосын келген үйде осындай істейін деп. Барлығы не үшін?! Балаларымызға тәрбие беруге, балаларымыз тарихты білсің деп, спорттың тарихын білсін деп, балаларымыздың жігерін көтеріп, патриоттық сезімін көтеріп, мынау мен осындай азамат болсам деп. Еліміздің атын көтерсем деп. Еліміздің мінекей даңқын, туын көтерген азаматтар осында жатыр. Осы азаматтардың арқасында үлкен-үлкен спортта жетістіктерге жетіп жатырмыз.

Аллеяда әзірге 30-дан астам ескерткіш бар. Спорт қайраткері бәрін өз қаржысына жасапты.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ:

Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Кәміл Сәфин, Шәміл Серік, Жақсылық Үшкемпіров. Бір кездері арам шөп басқан аумақ 2-3 жылдың ішінде ретке келтірілген. Қаз-қатар тізілген ескерткіштер Қазақстанның спортшыларына, ел спортын дамытуға үлес қосқан жандарға арналған. 

Спорт аллеясында Шәміл Серіковтің мүсіні де бар. Жерлесіміз 1980 жылы өткен олимпиадада классикалық күрестен алтын алқа таққан еді. Сондай-ақ, Бауыржан Ниязұлы өзі сыйлап, құрмет тұтатын  азаматтарға да алаңнан орын беріпті. Саябақтағы тағы бір ерекше мүсін - олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтікі.

БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ:

- Жас кезінен бірге білем. Күресте бірге болдық. Одан қалды тойларда, жарыстарда  өзім Мәскеу олимпиадасында болдым, қасында көріп, қалай күрескенін. Қарапайым азамат. Нағыз қазақи азамат. Ұлтшыл азамат болды. Осындай азаматтар болса, халқымыздың бәрі дұрыс болады деп ойлаймын.

Сондай-ақ, күш атасы Қажымұқанның ескерткіші ерекше көзге түседі. Биыл туғанына 150 жыл толған қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуанды кейіпкеріміз пір тұтады. Бауыржан Ниязұлы «Қажымұқан» сыйлығының СҚО-дағы жалғыз иегері екен.

БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ:

Биыл атамызға 150 жыл болады. Бұл кісінің енді еңбегі зор ғой. Қазақ халқының даңқын көтерген үлкен азамат. Биыл облысымыздың ұлттық спорт мектебінің атын осы атамыздың атын  беріп жатырмыз. Тағы ұсыныспен шықтық. Мына балуандар қала биліктеріне мынау қаламызда бір көше болсын деп.  Осы мынау істелініп жатқан жұмыс балаларымызға, ұрпақтарымызға үлгі бослын деп ойлаймын. Сол біздің мақсатымыз. 

Спорт аллеясы шырша-қарағаймен көмкерілген. Алайда мұнда әлі де атқарар іс жетерлік. Мәселен, кіреберіске олимпиада нышаны орнатылмақ. Ал алаңның орта тұсындағы бос жатқан аумаққа спорт музейіне арналған ғимарат салынбақшы. Оған қажетті жәдігерлер Бауыржан Құлжановта жетерлік. Коллекциясында өзі жеңіп алған жүлделері, түрлі фотосуреттер, журналдар мен спорт тарихынан сыр шертетін құнды заттар бар.

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛАГЕР» ХК МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
13:05, 25 қаңтар 2022
«ҚҰЛАГЕР» ХК МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Толығырақ...
«ҚҰЛАГЕР» ХК ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
20:48, 24 қаңтар 2022
«ҚҰЛАГЕР» ХК ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ОЛИМПИАДАҒА ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН 3 БИАТЛОНШЫ ҚАТЫСАДЫ
20:34, 24 қаңтар 2022
ОЛИМПИАДАҒА ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН 3 БИАТЛОНШЫ ҚАТЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...