ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ФУТЗАЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

17:22, 11 мамыр 2022

Мектеп оқушылары арасында футзалдан республикалық жарыс өтті. Өңір атынан турнирге облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысты. Солтүстікқазақстандық балалар бұл жарыста 2 орын алды.

 Футзалдан республикалық лига Шымкент қаласында 1-і мен 8-ші мамыр аралығында өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен орта буын оқушыларының 15 командасы қатысты. Солтүстікқазақстандық «Білім-инновация» лицей-интернатының спортшылары жеңістен үмітті құрамалардың бірі болды. Қорытынды ойындар барысында жерлестеріміз алматылық командадан 3:2 есебімен жеңіліп, 2 орынға ие болды.

АҒЖАН СҰРАҒАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМІ:

–  Ойындар өте тартысты болды. Өте қиын болды. 15 команданың 7 командасымен ойын өткіздік. 1 ойыннан ұтылып, финалдық кезенде Алматы қаласына ұтылып, екінші орынды иелендік. Балаларға да рахмет, өздерәін жақсы көрсетіп, өзімнің айтқан барлық ойымды бүлтіксіз жеткізді.

 Республикалық кезеңге өту үшін оқушылар облыстық кезеңде бірінші орын алды. Командада 9 адам бар. Олардың әрқайсысы футболмен кәсіби айналысады. Команда капитаны Әнуар Сейтахмет «республикалық жарыста жүлделі болу, үздіксіз жаттығулардың арқасы», дейді.

ӘНУАР СЕЙТАХМЕТ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

  • Мен оң жақ шабуылшы позициясын ұстандым. Бұл турнирде 9 гол соқтым. Бұл біз үшін жақсы тәжірибе деп санаймын. Алдағы уақытта біз бірінші орындарды иеленеміз деп сенемін.

 Алдағы уақытта лицей-интернат оқушылары «Білім-инновация» мектептері арасында өтетін республикалық ойындарға қатысатын болады.

 

Айгерім Құсайынова

Тақырып бойынша материалдар

"ЖЕҢІС КУБОГЫН" ПЕТРОПАВЛДЫҚ  ЖАС ХОККЕЙШІЛЕР ЖЕҢІП АЛДЫ
20:48, 18 мамыр 2022
"ЖЕҢІС КУБОГЫН" ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЖАС ХОККЕЙШІЛЕР ЖЕҢІП АЛДЫ
Толығырақ...
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:42, 17 мамыр 2022
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
17:17, 19 мамыр 2022
ШЫҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУРИСТІК ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
17:20, 24 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚЫН АЛҒАН
17:15, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНДАРДА ДА ҚАРҚ...
Толығырақ...