ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

17:20, 10 маусым 2021

Петропавлда мемлекететтік қызметшілер арасында волейболдан облыстық жарыс басталды. Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған сайысқа 40-қа жуық  команда қатысып жатыр. Дәстүрлі турнир жоспар бойынша үш күнге шақталған.

Облыстық жарысқа 37 құрама  жасақталды.  Олар 4 топқа бөлініп ойнап жатыр. Облыстың  мемлекеттік  қызметкерлері  арасында  ұйымдастырылған бұл  сайысқа  барлық  департамент,  басқарма  қызметкерлерінен және аудандық бөлімдердің  кілең  мықты  командалары  қатысып жатыр.  Жеңімпаздар  мен жүлдегерлер медаль және грамоталармен  марапатталады.  

ӘСЕТ БӨСКЕЕВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Негізі біз осымен 4-ші жыл қатарынан қатысып келе жатырмыз. Былтыр карантин болғандықтан, жарыс өткізілген жоқ. Дайындықты жұмыстан кейін, қыздар, жігіттер алаңға шығып өткізіп жүрдік. Мемлекеттік қызметкерлер арасында осындай жарыстар өткізген өте жақсы. Бірінші ойын жақсы, біз Шал ақын ауданы Аққайың құрамасын 2:0 есебімен ұттық. Жақсы деп ойлаймын. Әлі де алда ойындар болады, оларды да ұтамыз деп ойлаймын.

Индира Ахатқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР
17:20, 9 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
20:50, 7 маусым 2021
ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...