ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

13:06, 19 сәуір 2021

Сәуірдің 13-і мен 18-і күндері  Алматы қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өткен болатын. Аталмыш жарысқа облыс атынан ел намысын қорғауға Нұрқожа Қайпанов аттанып, 74 келіге дейінгі салмақта еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды.

Еркін күрес шебері аталмыш жарыста алдымен Қырғыз және Монғол елдерінің балуандарымен кездесіп, жеңіске жетті. Ал финалда ол ирандық Мұстафа Хосейнханимен күш сынасып, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Бірінші кезеңде 0:2 есебімен жеңіліп жатқан жерлесіміз екінші кезеңде жиналып, өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды.

НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ, ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ:

«Өте қиын күрес болды. Оның алдында бір апта бұрын ауырып қалған болатынмын. Сөйтіп жарысқа әйтеуір Аллаға шүкір жақсы дайындықпен келіп, жаттықтырушыларыма да көп-көп рахмет. Финалдағы белдесу туралы айтатын болсам ирандық балуан өте тәжірибелі, өте мықты балуан екен. Онымен өте оңай болған жоқ. Күресіп, баллды алып. Соның арқасында бүгін жеңіске жетіп отырмын.»

Тарихи жеңісімен Нұрқожаны Facebook-тегі парақшасы арқылы облыс әкімі Құмар Іргебайұлы құттықтап, еркін күрес шеберіне келешекте де  спорттық жетістіктер тіледі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Тарихта бірінші рет солтүстікқазақстандық балуан Азия біріншілігін екі рет жеңіп алды. Осылайша, ол Азиядағы ең мықты балуан мәртебесін растады. Нұрқожаның Токио Олимпиадасына баруға тамаша мүмкіндігі бар. Оған спорттық жетістіктер тілейік!»

Еске сала кетейік, Нұрқожа 2019 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында 70 келі салмақта белдесіп топ жарған болатын. Былтырғы маусымнан бастап Қайпанов олимпиадалық салмаққа ауысқан еді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...