ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

20:40, 4 мамыр 2022

Сәуірдің 19-ы мен 24-і аралығында  Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге солтүстікқазақстандық еркін күрес шебері, екі дүркін Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпанов қатысты. Тәжірибелі балуан 74 келі салмақта ақтық сында ирандық балуанға жеңіліп, қоржынға күміс медаль салды. Жерлесімізді теміржол вокзалынан соңынан ерген ізбасарлары мен жаттықтырушылары қарсы алды.

 Солтүстікқазақстандық еркін күрес шебері, екі дүркін Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпанов 74 келі салмақта белдесті. Алғашқы айналымда өзбек балуанын тізе бүктіреді. Кейін қырғыз спортшысымен күресіп, айқын басымдықпен жеңеді. Ал ақтық сында өкінішке қарай, ирандық саңлаққа есе жібереді.

 НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ, ЕРКІН КҮРЕСТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗЫ, ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

« Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Бізге де жақсы түсті десем болады. Моңғолияда өте қиын екен ауа-райы. Ертерек баруымыз керек еді. Оған қарамастан финалда өзім ирандық балуанмен белдестім. Онымен 5:2 есебімен ұтылып қалдым. Онымен осы 4-ші рет кездесуім. Ол бала да жақсы дайындықпен келген екен.  Бәрі жетті. Бапкерлеріме көп-көп рахметімді айтқым келеді. Ауа-райына байланысты жинала алмадым. Финалға дайын бола алмай қалдым деп айтсам болады. Өте қиын кетті.»

 Жаттықтырушы Аян Бейсенбаев Нұрқожаны ұзақ жылдар бойы жаттықтырып келеді. Оның сөзіне қарағанда Ұлан-Батордағы дүбірлі дода оңайға соқпаған. Моңғолиядағы климат та спортшыға қатты әсер еткен. Енді олар екі апта бойы Петропавлда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, қатемен жұмыс істемек.Себебі, алда көптеген ірі додалар тұр.

 АЯН БЕЙСЕМБАЕВ, Н.ҚАЙПАНОВТЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Жақын арада Алматы қаласында халықаралық турнир болады елімізде. Алғаш өтейін деп жатыр. Болат Тұрлыханов ағамызды еске алу турнирі. Өте үлкен додалық жарыс. Онда біздің Қазақстанның ішіндегі ең бірінші, екінші нөмірлер қатысады. Одан кейін ел чемпионаты болады. Одан кейін алдымыздағы жарыс тағы да мұсылман елдері арасындағы ойындар басталады. Тамыз айында. Оған да қатысуымыз мүмкін.»

 Нұрқожа биыл өтетін әр жарыста жеңіске жету үшін барын салмақ. Ал оның негізгі мақсаты- Олимп шыңын бағындыру.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ГІР СПОРТЫНАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
20:42, 30 маусым 2022
ОБЛЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ГІР СПОРТЫНАН ҮЗДІКТЕР...
Толығырақ...
БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
20:36, 27 маусым 2022
БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Толығырақ...
ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
17:20, 27 маусым 2022
ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...