ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

17:21, 23 қараша 2020

Еркін күрес шебері, солтүстікқазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігінде топ жарды. Жерлесіміз 74  келі салмаққа енді ғана ауысқанымен, өзінің мықты екенін дәлелдеді. Жеңіс тұғырынан көрінген балуанмен әріптесім телефон арқылы сөйлесіп, жеңісімен құттықтады.

74 келі салмаққа енді ғана ауысқан еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов ел чемпионатында белдесіп, топ жарды. Жас спортшы Шығыс, Қызылорда, Түркістан, Алматы  облыстарының балуандарымен күресіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ, ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ:

Нұрқожаның жаттықтырушысы Аян Бейсембаевтың айтуынша, елдегі эпидемиологиялық ахуал жаттығуға біраз қиындық тудырған. Олар карантин уақытында да шеберлікті шыңдап, үйде де даярланған екен. Міне, соның арқасында еркін күрес шебері ел чемпионы атанып, ерен еңбек өз жемісін берді.

АЯН БЕЙСЕМБАЕВ, Н.ҚАЙПАНОВТЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Жеңісіне сенімді болды. Қарсыластарына ештеңе жасатпай басымдылықпен жеңіске жетті десе болады. Өзіне сенімді болды. Әр белдесуге сенімді болып шығып, өз ойдағысын жасатты. Былтыр ғана әлем чемпионатында жіберген қателіктерін жібермеуге тырысып, тактика қойып, соны бәрін орындап шығып чемпион болды. Алдымызда дайындықтар бар. Осы айдың отызында Алматыда оқу-жаттығу жиыны өту керек.»

Нұрқожаның алдағы жоспары ауқымды. Келесі жылы да ірі додаларға қатыспақ ниетте. Айта кету қажет, тағы бір жерлесіміз Сұлтан Бейісов еркін күрестен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 70 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды. Бұл салмақта атыраулық балуан чемпион атанса, шымкенттік спортшы екінші орынға ие болды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛАГЕР» ХК ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАМАСЫНАН ЖЕҢІЛДІ
13:05, 13 қаңтар 2021
«ҚҰЛАГЕР» ХК ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАМАСЫНАН ЖЕҢІЛДІ
Толығырақ...
«QYZYLJAR» ФК ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
17:25, 8 қаңтар 2021
«QYZYLJAR» ФК ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...