ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ОБЛЫС СПОРТШЫЛАРЫ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ОЙЫНДАРЫНДА ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

17:22, 14 қыркүйек 2021

Қыркүйек айының басында  Қазан қаласында өткен ТМД елдерінің ойындарында спортшыларымыз топ жарды. Дүбірлі додаға 15-ке жуық мемлекеттен 1500-ден астам спортшы қатысты. Елдің намысын қорғап, тай боксынан жеңімпаз атанып, қоржынға 1 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль түсіргендердің қатарында солтүстікқазақстандықтар да бар.

Қазан каласында өткен ТМД елдерінің ойындарында 18 жастағы Шамил Ермағамбетов алтын медальді жеңіп, чемпион атанды. Жас жігіт тай боксымен 9 жылдан бері айналысып келеді. Бұған дейін ол Азия және Әлем чемпионаттарында да биік шыңдардан көрініп үлгерді. Шамильдің сөзінше алтынды жеңіп алу қиынға соққан. Өзге мемлекеттерден келген қарсыластарым да мықты болды дейді ол. Соған қарамастан жақсы дайындық өз нәтижесін берді.

ШАМИЛЬ ЕРМАҒАМБЕТОВ,, ТМД ЕЛДЕРІ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ:

- Жеңіс оңай келген жоқ. Біріншіден Ресей спортшысымен шаршы алаңда кездестім. Бұл тартыс мен үшін моральді тұрғыдан ауыр болды. Себебі, қарсыласым әлемде тай боксынан 2-ші орында келеді. Одан соң жекпе жек Беларусь  боксшысымен өтті. Қуанышыма орай оны да жеңіп, алтынға қол жеткіздім.

Жалпы, тай боксынан біздің өңірден ел құрамасына 5 спортшы кірді. Барлығы да түрлі жарыстардың жеңімпаздары.Бас бапкердің сөзінше бұл жарысқа спортшыларымыз ұзақ уақыт бойы дайындалған. Соның арқасында 1 алтын мен 3 күмісті иемденді.

ИВАН ВАН-ХОН-ТУН, СҚО БОЙЫНША МУАЙ ТАЙ БОЙЫНША АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- Әрине, жарыс нәтижесіне көңіліміз толады. Спортшыларымыз жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Өзге мемлекеттердің беделді спортшыларымен кездесіп, тәжірибе де жинады. Жалпы, бұл жарыста Қазақстан жалпыкомандалық есепте 3 орынға жайғасты.

Енді, жерлес спортшылар желтоқсан айында Тайландта өтетін Әлем Чемпионатына қызу дайындықты бастамақ.

Майгүл Сейілбек

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...