ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ОБЛЫС СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

17:22, 6 сәуір 2021

Биылғы жыл солтүстікқазақстандық спортшылар үшін жеңіспен басталды. Облыс тарихында  «Барыс» баскетбол клубы алғаш рет  ел  чемпионатынан үздік 1ші орынды иеленсе, ал «Қуаныш» волейбол қыздар клубы  республикалық сайыстың қола медаль жүлдегерлері атанды. Бүгін спортшылармен облыс әкімінің орынбасары Ғ.Нығыметов кездесіп, жеңістерімен құттықтады.

Облыстық «Барыс» баскетбол клубында 15 спортшы бар. Соңғы 4 маусымда аталмыш клубтың негізгі құрамы өзгермепті. Айта кетейік, баскетболшылар арасында легионерлер жоқ.  Спортшылар күн сайын кешкі уақытта жаттығу жасап, ел чемпионатына дайындалады. Баскетболшылардың қажырлы еңбектерінің арқасында биыл алғаш рет «барыс» клубы  ел чемпионатында  жеңіске жетті. Спортшылар 24 ойын өткізіп, оның 21інде қарсыластарынан басым түскен. Максим Налогов болса өзінің кәсібилігінің арқасында ең үздік спортшы атанды.

МАКСИМ НАЛОГОВ, «БАРЫС» БК ОЙЫНШЫСЫ:

- Ел чемпионатының басында өзімізді жақсы көрсете алдық. 19 ойын бойы бірде-бір рет жеңілмей келдік. Алайда кейін көрсеткіштеріміз төмендеп қалып, қайтадан бар күшімізді жинап, жеңіске жеттік. Шымкет пен Алматы қаласынан келген командалар өте мықты болды. Бірақ бізде өзіміздің күштілігімізді дәлелдей алдық.  Жалпы айтқанда біздің клуб жігіттері өте ұйымшыл. Осы ауызбіршілігіміздің арқасында жеңіске жеттік деп ойлаймын.

Биылғы жыл тек  баскетболшы жігіттер үшін ғана емес, «Қуаныш» волейбол қыздар командасы үшін де жағымды жаңалықпен басталды. Қыздар клубы ел чемпионатында 3ші орынға жайғасты. «Қуаныш»  клубы 2009 жылы Тимирязев ауданының намысын қорғайтын, мектеп қабырғасында құрылған командалардың бірі болған. Артқа 12 жыл тастап, өздерінің шеберліктерін дәлелдеген олар, қәзіргі уақытта өңір намысын қорғап жүр. Клубта 12 ойыншы бар. Спортшы қыздар 2жарым сағаттан күн сайын екі рет жаттығады. Тек 1 күндік демалысын олар жақындарына арнайды екен.  

САБИРА БЕКІШЕВА, «ҚУАНЫШ» ВК ОЙЫНШЫСЫ:

- Чемпионатта ең қиыны плэй-офф кезеңі болды. Соңғы екі ойында бар күш-жігерімізді салуға тырыстық.Қарсылас команданың қыздары өте мықты болды. Бұрыңғы чемпионаттарда да жүлделі 3ші орын үшін Алматы қаласының командасымен сайысқа түсіп, алайда жеңіліп қалып  едік. Ал бұл жолы Алматылықтарға дес берген жоқпыз. Осылайша, 12 жылдық еңбегіміздің жемісін көріп, алғаш рет ел чемпионатында қола жүлдеге ие болдық.

Облыс намысын ел чемпионатында қорғап, жеңіске жеткен спортшылармен бүгін облыс әкімінің орынбасары Ғ.Нығыметов кездесті. Жиынға сонымен қатар, жас спортшылар мен клуб жанкүйерлері қатысып, үздіктерге өздерін толғандырған сұрақтарын да қойды.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сіздерді облыс әкімі Қ.Іргебайұлының және өзімнің атымнан жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер ел көлемінде облысымыздың атын шығарып, жеңіске жеттіңіздер. Өңірде спортты дамыту үшін көп жағдай жасалып жатыр. Енді осы көрсеткіштеріңізді алдағы уақытта да сақтап, тек биіктерден көрінулеріңізге тілектеспін. Бұл жеңістеріңізбен сіздер өскелең ұрпаққа, жас спортшыларға жақсы үлгі көрсеттіңіздер.

Өңір спортшылары жауапты кезеңнен абыроймен өтті. Енді алдағы уақытта, шеберліктерін әрі қарай шыңдап, бұдан да жақсы көрсеткішке жетуді жоспарлаған. 

Жансая Қайыпова

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
13:08, 19 сәуір 2021
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...
НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
13:06, 19 сәуір 2021
НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
«ЕСІЛ СК» ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ҚОШЕМЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ
13:04, 19 сәуір 2021
«ЕСІЛ СК» ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ҚОШЕМЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...