ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС СПОРТЫНЫҢ БЕТКЕҰСТАРЛАРЫ

20:51, 22 қыркүйек 2021

Солтүстікқазақстандық кикбоксшылар жеңіспен оралды. Венгрияда өткен халықаралық жарыста өңірдің екі спортшысы алтын мен қоладан алқа тағынды. Жеңімпаздарды сапаржайда туған-туыстары, әріптестері және жаттықтырушылары салтанатпен қарсы алды.

Венгрияның астанасы Будапеште кикбокстан 26 Әлем кубогі мәресіне жетті.  Дүбірлі дода бес күнге шақталды. Жарысқа 45 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысты. Біздің облыстан оған екі кикбоксшы аттанды. Аслан Асылбеков пен Данияр Жарасов 18 жастан жоғары санатта жүлделі орынға ие болды.

ДАСТАН ҚАБДЕНОВ, ОБЛЫСТЫҢ ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Жеңімпаздардың бірі – Асланның анасы да өз қуанышымен бөлісті. Ол баласының бұл спортқа қалай келгенін айтып берді.

ҮМІТЖАН БАЙМҰХАНОВА:

- «Менің ұлым кішкентайынан спорттың осы түрімен айналысып келеді. Ол 10 жаста болғанда жаттықтырушы спорт мектебіне келіп жаттығуды ұсынды. Кикбокс балама ұнады. Содан бері түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды алып жүр. Бұл жалғыз баламның емес, оның жаттықтырушысы Дастанның еңбегі».

Жеңімпаздардың айтуынша, әр жекпе-жек тартысты өткен. Бірақ көп жыл бойғы тынымсыз жаттығу өз нәтижесін берді

АСЛАН АСЫЛБЕКОВ:

- «Әр жекпе-жекте қарсыластарым мықты болды. Мен шаршы алаңда үш сайыс өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеттім. Ақтық сында неміспен кездестім».

ДАНИЯР ЖАРАСОВ:

- «Мен екі жекпе-жекке шықтым. Біріншісінде украиндықты жеңдім, екіншісінде ресейлік басым түсті. Жаттықтырушыларыма алғыс айтамын».

Алға жоспар ауқымды. Спортшылар олимпиада ойындарына дайындықты бастамақ.

Әміре Ақбатай

 

Тақырып бойынша материалдар

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
13:05, 18 қазан 2021
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
«QULAGER» ХОККЕЙ КЛУБЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ
13:03, 18 қазан 2021
«QULAGER» ХОККЕЙ КЛУБЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...