ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТАҒЫ СПОРТ НЫСАНДАРЫ ЖӨНДЕЛДІ

20:43, 21 қазан 2020

Қазір облыста алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Бұдан басқа аудан орталықтарында бес жабық хоккей кортының құырылысы жүргізілуде. Жалпы «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары аясында  өңірдегі спорт нысандарының біразы жөндеуден өтті. Ол үшін бюджеттен 422 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, СҚО-да биыл өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қолдауымен тек спорт саласы бойынша жөндеу және құрылыс жұмыстарына ғана жалпы сомасы 4,6 млрд теңге бөлінді. Петропавлдағы жөндеуден өткен спорт нысандарының жұмысын облыс әкімінің орынбасары бақылап қайтты

Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қаланың спорт нысандарын аралап, атқарылған жұмыстың сапасын көрді. Биылғы жылдың жазынан бастап «Қарасай» стадионында роллердром жөнделіп, тартан жамылғысы ауыстырылды. Сондай-ақ, нысанның қасбеті жаңартылып, кеспе тастар төселді. Оң өзгерістер спорттық акробатикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде де бар. Мұнда болашақ чемпиондарды даярлауға қажет спорттық құрал жабдықтар сатып алынып, ғимараттың шатыры жаңаланды.

РИНАТ БЕЛОГОНОВ, СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКАДАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БЖСМ ДИРЕКТОРЫ:

«Жаңа акробатикалық жолақ сатып алынды. Ол 8 миллион теңге тұрады. Біздің шәкірттеріміз көптеген халықаралық додаларға қатысып жүр. Ал мұндай жолақтар барлық елдерде бар. Енді біз де еш қиындықсыз жаттығамыз.» 

ылтыр «Дельфин» олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінде ғимараттың қасбеті жөнделді. Ал қазір кешеннің материалдық базасына көп көңіл бөлінуде. Су тазартқыш фильтрлары ауыстырылып, хлораторлар қондырғысы қойылып, жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелер жаңартылды. Сондай-ақ, үшінші қабаттағы балконда да жөндеу жүргізілді. Оған шамамен 30 миллион теңге бөлінген екен. 

СЕРІК ҚАСЫМОВ,  СУ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІНЕН «ДЕЛЬФИН» ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ БЖСМ ДИРЕКТОРЫ:

- «Мектепте 400-ге жуық спортшы шұғылданады. Олармен 10 бапкер мен оқытушы жұмыс істейді. Бүгінде Ұлттық құраманың сапына 29 спортшы кіреді. Биыл бассейннің материалдық базасын жаңарту мақсатында үлкен жұмыс жүргізілді.»

Сонымен бірге облыс әкімінің орынбасары Борки кентіндегі шаңғы-биатлон кешеніне де барды. Мұнда асфальт жабындысы ауыстырылып, кешін аумағында тұрақ пайда болды. Қазірдің өзінде спортшылар дүбірлі додаларға дайындалып жатыр. Ал қалалықтар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, осында келіп жаттыға алады. Жоба құны шамамен 70 миллион теңге.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Бұл жұмысты тағы да біз жалғастыра беру керекпіз. Өйткені біздің облысымызда тағы да басқа көптеген спорт кешендері бар. Оларда жөндеуден өту керек. Ал жалпы аудандарды айтсақ, біз қазір 12 ФОК салып жатырмыз. Әр аудан орталығында сондай фок болады. Бұл да үлкен шаруа. Оған 4-тен астам миллиард теңге бөлініп, келесі жылы бәрі бітеді.» 

Барлық жұмыстарға «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары аясында 422 миллион теңге бөлінді. СҚО-да биыл өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қолдауымен тек спорт саласы бойынша жөндеу және құрылыс жұмыстарына ғана жалпы сомасы 4,6 млрд теңге бөлінді. Қазір облыста алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Бұдан басқа аудан орталықтарында бес жабық хоккей кортының құырылысы жүргізілуде.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ЖАСТАР КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ
17:27, 11 қараша 2020
ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ЖАСТАР КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...