ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ГІР СПОРТЫНАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

20:42, 30 маусым 2022

Облыстың құқық қорғаушылары арасында гір спортынан үздіктер анықталды. Петропавлда «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы спартакиадасының кезекті сайысы өтті. Жеңіске жеткен кім, облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметі дайындаған бейне материалға назар аударайық.

«Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 11 ұжымы Александр Винокуров Спорт сарайында күш сынасты. Әр қатысушы екі қолмен гірді серпе көтеру және бір қолмен жұлқи көтеру жаттығуларын орындады.

Ілияс Оразбаев, СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы:

- Бүгін Александр Винокуров атыңдағы спорт сарайында Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай гір спортынан жарыс өткізіледі. Жарыста аймақтың барлық күш құрылымдары қатысады. Жарыстың ұйымдастырушысы  «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы. Марапатталуы жеке және командалық есепте өткізіледі.

Тартысты сайыста облыстық Полиция департаменті командасы үздік атанды. Екінші орынды ҚР Ұлттық ұланы академиясының өкілдері алды. Осы екі команда бұл спартакиаданың басты қарсыластары деп танылды. Үшінші орынды Айыртау ауданы полиция бөлімі иеленді. Бұл сайыс барлық қатысушыларға көтереңкі көңіл-күй сыйлады.

Алмаз Есенов, Ұлттық Ұлан академиясының курсанты:

- Бүгін осы өткізіліп жатқан «Динамо» сайысына қатысып жатырмын. Біздің командамыз бұл сайысқа дайындалып, көп еңбектенді. Біздің құрамамыз осы сайысқа жарты жылдай дайындалған және көптеген іріктеуден өтті.

Спорттық іс-шаралар полиция қызметкерлеріне шынығуға, спорттық рухты және команданың ұйымшылдығын нығайтуға көмектеседі. Спартакиаданың келесі түрі – шағын футбол. Сайыстар шілде айында өтеді. 

Тақырып бойынша материалдар

21 ШІЛДЕДЕ «ҚЫЗЫЛЖАР» ФК КОНФЕРЕНЦИЯЛЫҚ ЛИГАДА ХОРВАТИЯНЫҢ  «ОСИЕК» ФК  ҚАРСЫ ОЙНАДЫ
20:42, 15 шілде 2022
21 ШІЛДЕДЕ «ҚЫЗЫЛЖАР» ФК КОНФЕРЕНЦИЯЛЫҚ ЛИГАДА ХОРВАТИЯНЫҢ...
Толығырақ...
СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
20:45, 14 шілде 2022
СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
20:44, 14 шілде 2022
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар