ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ

17:20, 27 маусым 2022

Петропавлда олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың қатысуымен дәстүрлі велошеру өтті. Велошеру олимпиада күніне орайластырылған. Қатысушылар спорт сарайынан бастап облыс орталығының басты көшелерімен жүріп өтті.

 Велошеруге қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов құттықтады. Аты аңызға айналған велошабандоз Александр Винокуров та жерлестерін  қолдау үшін, марафонға қатысты.

 АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВ , ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ:

- Бүгін ауа-райы да жақсы. Осындай іс-шара ұйымдастрып жатқан спорт басқармасына ерекше алғыс білдіремін. Бәрі керемет өтіп жатыр.

СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Велосипед теуіп өтетін жолдың жалпы ұзындығы 10 км. Біз жыл сайын веложарыс өткізуге тырысамыз. Сондай-ақ, бүгін Жабаев көшесінде критериум жарысы өтеді. 

 Жарысқа қатысушылардың бірі - Олег Сысолятин. Ол халықаралық марафондардың қатысушысы. Көпшілікке жеңіл атлетиканың паралимпиялық спортшысы ретінде танымал. Ер адам енді өзің спорттың жаңа түрінде байқап көрмекші.

 ОЛЕГ СЫСОЛЯТИН,  МАРАФОНШЫ, ПАРАЛИМПИАДАШЫ:

 - Мене соңғы кездері жылдамдықты қажет ететін спорт түрлеріне қызығып жүрмін. Оған қоса Велоспортта экстрим көп.  Тіпті жарақаттанған кездерім де болды. Осы себепті бүгін қорғаныс киімін киіп алдым.

Веломарафонға Петропавлдың 200-ден астам тұрғыны қатысты. Олар облыс орталығының басты көшелерімен жүріп өтті. Жарыс соңында әр қатысушы естелік сыйлық алды.

Тақырып бойынша материалдар

21 ШІЛДЕДЕ «ҚЫЗЫЛЖАР» ФК КОНФЕРЕНЦИЯЛЫҚ ЛИГАДА ХОРВАТИЯНЫҢ  «ОСИЕК» ФК  ҚАРСЫ ОЙНАДЫ
20:42, 15 шілде 2022
21 ШІЛДЕДЕ «ҚЫЗЫЛЖАР» ФК КОНФЕРЕНЦИЯЛЫҚ ЛИГАДА ХОРВАТИЯНЫҢ...
Толығырақ...
СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
20:45, 14 шілде 2022
СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
20:44, 14 шілде 2022
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар