Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындарының басталуына 11 күн қалды. Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан сексеннен аса спортшы қатысады. Бір ғана биатлон бойынша ұлтты құрама 12 жолдама жеңіп алды. Төртжылдықтың басты додасында еліміздің атынан Галина Вишневская, Александр Мухин және Владислав Киреев сынға түседі. Бұл туралы команданың бас бапкері Мақсат Шаранов айтты. Қазақстан спортшылары бірер күнде Қытай астанасына ұшып барады.
ОЛИМПИАДАЛЫҚ АУЫЛДАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Ал бүгін Бейжіңде олимпиадалық ауыл жұмысын бастап, алғашқы делегациялар қоныстанып та үлгерді. Бұл жерге алғаш болып 20 мемлекеттің өкілдері қоныстанды. Олардың қатарында Қытай, Канада, Австралия, АҚШ және елдерінің делегациялары бар. Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы 4-ақпан күні өтеді. Жарысты Қазақстан және Қазспорт арналарынан тамашалай аласыздар.