ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ АТ СПОРТЫ МАУСЫМЫ ЖАБЫЛДЫ

20:50, 11 қазан 2021

Өңірде кезекті ат спорты маусымы жабылды. Аламан бәйге, құнан бәйге, ұшқыр бәйге – барлығы жеті түрлі сайысқа желмен жарысқан елу шақты сәйгүлік қатыстырылды. Көрші облыстардың атбегілері де тұлпарларын арнайы әкеліп, жарыстың көркін қыздырды.

Бәйге десе ішкен асын жерге қоятын ағайын Бескөлдегі "Құлагер" ипподромына жиналып жатыр. Бүгін делебе қозар нағыз сайыс өтпек. Өйткені, Қызылжар ауданына жан-жақтан тәжірибелі шабандоздар ауыздықпен алысқан тұлпарларын әкелді. Қатысушылардың арасында көрші өңірдің атбегілері де бар.

ЕРЖАН МОЛДАБАЕВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

- Жарыс 7 додадан тұрмақ. Олар: "Аламан бәйге", "Құнан бәйге", "Ұшқыр бәйге", 3 және 4 жастағы желісті аттардың жарысы. 50-ден астам адам қатысуда. 40-тан астам ат әкелінді. Шабандоздар Көкшетау, Астана, Щучинск, Петропавл қаласы мен өңіріміздің аудандарынан келді.

Ең алдымен "Ұшқыр бәйге" ұйымдастырылды. Ортаға желдей жүйрік арғымақтарды тізгіндеген 4 шабандоз шықты. Олар 1800 метрді бағындырулары керек. Бұл - шамамен бір жарым айналым. Тартысты сайыста мәре сызығын алғаш болып қызылжарлық Дмитрий Волковтың "қамшы салдырмайтын" күрең тұлпары1 минут 45 секундта кесті.

ДМИТРИЙ ВОЛКОВ, ШАБАНДОЗ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ:
 

- Жарыс сәтті өтті. Сәйгүлігім жақсы дайындықпен келді. Бұл тұлпар биыл мені Қазан, Алматы және Нұр-Сұлтан қаласында өткен жарыстара жерге қаратқан жоқ.. Ол сайыстарда жүлдегерлер қатарынан көріндім.

Арбаға жегілген 3 жасар желісті аттардың жарысы дүбірлі доданың одан әрі көркін қыздырды. Бұл сайыста есілдік шабандоздың бағы жанды. Оның тұлпары жарыс жолының аяқталуына шамамен 200 метрдей қалғанда қалғандарын басып озып, мәреге жеке дара келді.

Бескөлде құнандар да көсіле шапты. 7 шақырымдық додада тайыншалық Сәкен Құдақұловтың асығы алшысынан түсті. Оның сәйгүлігі жарыстың басынан соңына дейін алдына қара салмады. Осылайша, белгіленген қашықтықты 8 минут 36 секундта бағындырды.

- "Әке көрген оқ жонар" дегендей 13 жастағы Сәкенге атта отыруды әкесі үйретіпті.

СӘКЕН ҚҰДАҚҰЛОВ, ШАБАНДОЗ, ТАЙЫНША АУДАНЫ:

-  Мен 7 жасымда атқа отырдым. Бәйгелерге қатысып тұрамын. Бүгінгі жарысқа жақсы дайындадым.

Көпшілік жалға жармасқан жастар мен тұяқтарымен топырақ төңкерген тұлпарлардың сайысын қызыға тамашалады.

- Жарыс жақсы өтіп жатыр. Қазақстан үшін бұл - үлкен қуаныш.
- Балама жанкүйер болып келдім. Уайымдап тұрмын. Жеңіске жетеді деген ойдамын.
-  Мен бүгін жарысқа келдім. "Құнан бәйге" болды. Өзім де жуық арада шабамын.

Ең соңында көрермен "Аламан бәйгені" тамашалады. Мұнда шабандоздар әбден жаратылып, ащы терлері алынған тұлпарлармен 16 шақырымға шапты. Бұл сайыста да тайыншалық Сәкен Құдақұловтың мерейі үстем болды. Дода соңында жүлдегерлер ақшалай сыйақы және кубок, медальдармен марапатталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
13:05, 18 қазан 2021
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
«QULAGER» ХОККЕЙ КЛУБЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ
13:03, 18 қазан 2021
«QULAGER» ХОККЕЙ КЛУБЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...