ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА БАЛАЛАР ХОККЕЙІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

13:05, 22 ақпан 2021

Петропавлда хоккей балалар мен жасөспірімдер арасында да жақсы  дамып келеді. Қазбек Байболов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығында қазіргі уақытта 130 бала тәрбиеленеді. Өткен демалыс күндері кішкентай спортшылар арасында жолдастық кездесу өтті.

Шайбалы хоккейден командалар арасындағы біріншілік ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Турнирге 2010 және 2011 жылғы спортшылардан құралған 8 команда қатысты.

Хоккейге мені әкем әкелді. Мен бастапқыда тек теледидар арқылы көретінмін. Өте қатты қызығатынмын. Ал қазір өзім хоккей клубының шабуылдаушысымын. 

- Бұл спорт түрі жаныма жақын. Қазыр біз өз арамызда мықтыны анықтап жатырмыз.Өзімді жақсы қырымнан таныып, үздік ойыншы болу үшін бар күшімді саламын.

Жас хоккейшілердің жаттығуы  аптасына 6 күн бір жарым сағаттан өтеді. Олар кішкентайынан шайба соғу мен лақтыруға және қарсыластарын қоршауға үйренеді.

РАФАИЛ СИНГАТУЛИН, Қ.БАЙБОЛОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Жаттығулар қатаң түрде, кестеге сай өткізіледі. Алдымен олар дене қыздыру жаттығуларын жасап, дайындалады. Тек кейінен ғана мұз айдынына барады. Шайба лақтыруды үйреніп, үлкен сайыстарға дайындалады. Бұл жолдастық кездесуді өз араларында мықтыларды анықтау үшін ұйымдастырып отырмыз. Себебі, алда республикалық турнир тұр.

Турнир нәтижесі бойынша «Құлагер-2011» командасы сайыс жеңімпаздары атанды.Күміс жүлдеге 2010 жылғы спортшылар ие болса,ал  допты хоккейден құрама бөлімше ойыншылары қола жүлдені қанағат тұтты. Барлық турнир қатысушылар грамоталармен марапатталды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛАГЕР» ХК АТЫРАУЛЫҚ СПОРТШЫЛАРДЫ ЖЕҢДІ
13:04, 2 наурыз 2021
«ҚҰЛАГЕР» ХК АТЫРАУЛЫҚ СПОРТШЫЛАРДЫ ЖЕҢДІ
Толығырақ...
«ҚҰЛАГЕР» ХК ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ПЛЕЙ-ОФФҚА ШЫҚТЫ
13:05, 1 наурыз 2021
«ҚҰЛАГЕР» ХК ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ПЛЕЙ-ОФФҚА ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:31, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...