ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР

17:20, 9 маусым 2021

Петропавлда алғаш рет жастар  арасында семсерлесуден республикалық  турнир өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшылар 7 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар ұлттық құрамаға еніп, Азия чемпионатында ел абыройын қорғамақ.

Петропавлда жастар арасында алғаш рет семсерлесуден республикалық жарыс өтіп жатыр.  Турнирге елдің түкпір-түкпірінен келген 180  спортшы қатысып жатыр. Жарыс 7 күнге созылады.

ВИТАЛИЙ ГЛАДКОВ, СЕМСЕРЛЕСУДЕН ОБЛЫСТЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- «Алғашқы үш күн ішінде жеке жарыстар өтті. Ендігі кезек командалық сайыстарда. Бүгін біздің өңірдің спортшылары осы жарыста бақтарын сынап жатыр.  Біз оларға сенеміз және үлкен үміт артып, жақсы нәтиже күтеміз.»

Обылста алғаш ұйымдастырылып отырған додаға 2001 және 2004 жылдары аралығында туған жастар  қатысып жатыр.  Спортшылардың айтуынша СҚОның семсершілері республика бойынша үздіктердің қатарында. Бахрам Мамурзаев 13 жасынан семсерлесумен айналысады.  Осы уақытқа дейінгі көрсеткен нәтижелері жаман емес.

БАХРАМ МАМУРЗАЕВ, СПОРТШЫ:

- «Бүгін осы жарыста бағымды сынадым, жақсы нәтиже көрсеттім деген сенімдемін. Қарсыластарымның барлығы моральдық және физикалық тұрғыда жақсы дайындалған, шеттерінен мықты әрі жеңімпаз атануға лайықты. »

Үздік нәтиже көрсеткен спортшылар ұлттық құрамға іріктеліп алынып, Азия чемпионатына АТТАНАДЫ.

Назерке Құдабай

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
17:20, 10 маусым 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
20:50, 7 маусым 2021
ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...