ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

17:20, 25 қыркүйек 2020

 

Петропавлда Халықаралық шахмат турнирі өтті. Оған 17 елден келген спортшылар  қатысты. Аталмыш турнирге облыс орталығынан 12 шахматшы қатысып, өз бағын сынап көрді. Тілшіміз тарқатсын.

Турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен 300 адам қатысты, олардың 80 – і-біздің отандасымыз. Қатысушылардың барлығы іріктеу кезеңінен сүрінбей өткендер. Бүгінде еліміздің үздік деген шахматшылары халықаралық аренада өздерінің баптары мен бақтарын сынауда.

ТАТЬЯНА ТУЛУПОВА, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- «Әр елден түрлі жастағы 9 қатысушыдан келіп отыр. Жас ерекшелігі 6 -дан 70 жасқа дейін. Аталмыш турнир бірінші рет өткізіліп отырған жоқ, бұл тарихтағы екінші турнир. Оған Солтүстік Қазақстан облысынан,  Нұрсұлтан қаласынан жалпы әр жас санатынан 150 адам қатысады.»

Турнирлер lichess.org алаңында өтіп, финалистер "Швейцария жүйесі" бойынша іріктеледі.  Яғни, тең ұпай жинаған қатысушылар бәйгеде бір-бірімен жарысып, қалған аз ұпай жинаған үміткерлер ойыннан шығарылады. Осылайша турнир бір күн бойы өтиеді.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, "ОРЫС, СЛАВЯН ЖӘНЕ КАЗАК ҰЙЫМДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ" ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Бұл турнир "Гамбит 2020" турнирінен пайда болды. Пандемия кезінде оффлайн турнирлерді өткізу мүмкін еместігін ескере отырып, онлайн турнирлер өтті. Бізге ресейлік ғылым және мәдениет орталығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясы және Иорданиядан біздің шахматшы жолдасымыз осындай турнир өткізуді ұсынды. Біз мұндай жарысты көктемде өткіздік және ол тиімділігін көрсетті. »

Турнир ұлы ғалым және философ Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Айта кету керек, осы жылдың маусым айында Бірінші халықаралық "Гамбит Кубогы" турнирінде отандастарымыз 3 орынға ие болды. Жарыс қазіргідей онлайн режимінде өткен болатын

Дана ҚАЛИЕВА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛАГЕР» ХОККЕЙ КЛУБЫ ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА 3 ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ
20:53, 26 қазан 2020
«ҚҰЛАГЕР» ХОККЕЙ КЛУБЫ ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА 3 ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...