ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

«QULAGER» ХОККЕЙ КЛУБЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ

13:03, 18 қазан 2021

Облыс орталығында шайбалы хоккейден ел чемпионаты өтті. Бұл жолы жергілікті «Qulager» хоккей клубы өз алаңында қарағандылық «Сарыарқа» құрама командасын қабылдады. Екі күндік кездесулер қандай нәтижемен аяқталды? Әріптесім толықтырсын.

Жарыстың алғашқы кезеңінен-ақ қонақтар алға суырылып шықты. «Сарыарқа» хоккей клубының шабуылшысы Данияр Саян мергендігімен көзге түсті. Ал екінші жиырма минутта қос команда қанша тырысқанымен қақпаға шайба дарыта алмады.

Біз жерлестерімізге әрдайым қолдау білдіреміз. Жеңіске жетеді деп ойлаймыз. /

Құлагер жақсы ойын көрсете алмай жатыр. Үшінші кезеңде де жеңіске жете алмаймыз-ау. «Сарыарқа» мықты команда екен.

Ал үшінші кезең 1:4 есебімен аяқталды. Осылайша «Сарыарқа» командасы кезекті үш ұпайына қол жеткізді.

КИРИЛЛ ВЛАСОВ, «QULAGER» ХК ШАБУЫЛШЫСЫ:

««Сарыарқа» хоккей клубы мықты қарсылас. Өте жылдам ойнайтын команда екенін кезекті рет дәлелдеді. Ұпай алуға болатын еді. Алайда, қарапайым қателіктерге жол беріп, жеңіліп қалдық.»

Қарымта ойында да жергілікті имек таяқ шеберлері  қоржынға үш ұпай сала алмады. «Сарыарқа» хоккей клубы 0:3 есебімен үлкен жеңіске қол жеткізді. Осы ойынның қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық ұжым турнир кестесінде 16 ұпаймен 7 орында қалды. Ал қонақтар 22 ұпаймен бірінші сатыға көтерілді. «Құлагер» хоккей клубының келесі кездесуі қазанның 24-і мен 25-і күндер аралығында өтеді. Жергілікті команда сыртқы алаңда «Алматы» құрамасымен кездеседі.

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ХОККЕЙДЕН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
17:24, 26 қараша 2021
АУДАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ХОККЕЙДЕН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...