ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

«QYZYLJAR» ФК «ҚАЙРАТ» ҚҰРАМАСЫМЕН ТЕҢ ОЙНАДЫ

17:20, 4 мамыр 2021

Облыс орталығында футболдан ел біріншілігінің 9-шы туры өтті. Бұл жолы жергілікті «Qyzyljar» футбол клубы «Қарасай» стадионында чемпионаттың басты фавориті - «Қайрат» құрама командасын қабылдады. Матчтың қорытындысы бойынша ойын тең есеппен аяқталды.

Ойында алғашқы гол 28-ші минутта соғылды. «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Денис Поляков бұрыштамадан берілген пасты баспен салып, командасын алға шығарды. Жерлестеріміз таразы басын тек екінші таймның 78 минутында теңестерді. «Qyzyljar» құрама командасының қорғаушысы Әлібек Қасым қатарынан 4 матчта гол соғып, командасына бір ұпай сыйлады. Осылайша жерлестеріміз турнирлік кестеде 5-ші орынға жайғасты. Ал қонақтар болса бізден бір сатыға жоғары келеді. Енді солтүстікқазақстандық ұжым мамырдың 9-ы күні сырт алаңда Түркістанның «Тұран» командасына қарсы ойнайды.

ӘЛІБЕК ҚАСЫМ, «QYZYLJAR» ФК ҚОРҒАУШЫСЫ:

«Үш күннен кейін алаңға қайта шығып, өнер көрсету қиынға соқты. Ең бастысы маңызды бір ұпайға қол жеткіздік. Оның үстіне мен өзімнің бұрынғы командама қарсы ойнап гол соқтым. Өте қуаныштымын. Жанкүйерлерге ерекше алғысымызды білдіреміз. Жаңбырлы күнге қарамастан стадионға келіп, барынша қолдап, қолпаштады. Ризамыз!»

Нұрбол Балғабеков

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...