Өткен демалыс күндері Алматыда футболдан Қазақстан біріншілігінің 19-туры аясында «Qyzyljar» футбол клубы «Қайрат» командасымен кездесті. 90 минутқа созылған матч 2-3 есебімен аяқталып, жерлестеріміз маңызды жеңіске қол жеткізді. Қазіргі таңда Петропавлдық ұжым 19 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.
Матч әдеттегідей алма-кезек шабылдармен басталды. Кездесудің 16 минутында алғашқы голды «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Данияр Үсенов соқты. Араға 5 минут салып Алматылық команданың қорғаушысы ойын тәртібін бұзып, қызыл қағаз алып пенальти белгіленді. 11-метрлік айып добты жергілікті спортшы Максим Драченко орындап, қақпаға дөп тигізді.
Кейін жерлестеріміз 26 минутта тағы бір шабуыл ұйымдастырып, шота Григалашвили командасын алға шығарды. Дегенмен 33 минутта Алматылық клубтың жартылай қорғаушысы Андрей Ульшин есепті теңестіріп кетті.
Ойынның 90 минутында алаңға тыңнан қосылған солтүстікқазақстандық футболшы Тимур Мульдинов әдемі гол соғып, жеңісті жұлып әкетті. Осы ойыннан кейін «Qyzyljar» футбол клубы турнирлік кестеде 19 ұпаймен тоғыншы орында тұр. Ал Алматылық ұжым болса, мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды.
Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ