ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ

13:08, 19 сәуір 2021

Петропавлда облыс әкімінің  кубогы үшін  шайбалы хоккейден  жарыс өтті. Онда аудан және қаланың  командалары өзара мықтыны анықтады. Жексенбіде   доданың  ақтық    кезеңі өтті. Бір айға созылған біріншілік аяқталып, жүзден жүйріктер марапатталды.

Шайбалы хоккейден облыстық чемпионат жыл сайын ұйымдастырылады. Кіл мықтылар бас қосқан жарыста өңірдің кәсіби және әуесқой ойыншылары бәсекелесті. Барлығы – 8 құрама. Ойынның финалы  Александр Винокуров спорт сарайында өтті. Биыл аталмыш сайыс наурыздан сәуір айына дейін жалғасты. Шешуші ойында Қызылжар ауданының құрамасы жеңіске жетті.  

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Хоккей тартысты  өтті. Ойын үшін рахмет. Болашақта басқа өңірлермен бәсекеге түсіп, жақсы нәтиже көрсететіндеріңізге күмән жоқ. Сәттілік! Нәтижелеріңіз құтты болсын!»

Қызылжар ауданының ұжымы – чемпионаттағы мықтылардың бірі. Өткен маусымда да олар 1-ші орынды иеленді.

ИЛЬЯ СЕРІК, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:

- «Құрамалармен ойындар тартысты өтті. Жалпы оңай болды деп айта алмаймыз. Жастар чемпионатында жүргендіктен дұрыс дайындыққа уақыт болған жоқ. Дегенмен де, бірініші орынды иелендік. Қуаныштымыз.»

Турнирдің қорытындысы бойынша екінші орынды Мағжан Жұмабаев ауданы жеңіп алса, үздік үштікті Петропавл қаласы қорытындылады. Жеңімпаздарға кубоктармен қатар 300, 200,100,мың теңге көлемінде ақшалай сыйлақ табысталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...