Жерлесіміз, ультрамарафоншы Әскер Қожанов кезекті жеңіспен оралды. Спортшы елордада өткен ультрамарафон жарысында жүз шақырым қашықтықты 9 сағат, 12 минут және 10 секунд ішінде жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды.
Бұл солтүстікқазақстиандық ультрамарафоншының алғашқы жеңісі емес. Ол 2000 жылдан бері марафонмен айналысып келеді және 22 жыл ішінде 111 марафон мен ультрамарафонға қатысқан. 2014 жылдың қаңтарында Елордадағы «Өзін-өзі анықтау» супермарафонына қатысып, 12 сағат тоқтамай жүгірген. Осы уақыт ішінде ол 132 шақырым, 400 метр қашықтықты бағындырып, Қазақстан рекордын орнатты.