ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

20:42, 17 мамыр 2022

 

Петропавлда үстел теннисінен облыстық турнир өтті. Спорттық іс-шараға мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Жарыс барысында 11 құрама өзара мықтыны анықтады. Келесі сюжетке назар аударайық.

Балқия Өтелбаева Тайынша ауданының намысын қорғап келді. Маманның сөзінше, ол спортқа бала кезден жақын. Бұл жарысқа ол әріптесімен бірге дайындалыпты.  Бүгін басқалардан озып шығып, үйге жүлдемен оралуды жоспарлап отыр.  

БАЛҚИЯ ӨТЕЛБАЕВА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:

- Студент кезімде біз спорттық жарыстарға қатыстық. Сол кезде үстел теннисін ойнап көрдім. Өзіме қатты ұнады. Спорттың бұл түрі қырағылыққа, шапшаңдыққа машықтандырады. Менің бойымда бұл қасиеттер бар деп есептеймін. Сондықтан жеңіске жету қиын болмайды. 

Жалпы, турнирге 11 құрама - 30 спортшы қатысып жатыр. Ұйымдастырушылардың сөзінше іс-шараның басты мақсаты - мәдениет саласы қызметкерлері арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру.

ҚЫМБАТ ОСПАНОВА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

- Басты мақсатымыз әріптестерімізідң басын біріктіріп, таза ауада спорттық ойындар ойнап жақсы уақыт өткізу. Сондай-ақ осындай кездесулер арқылы мамандарымызға өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасау. Жалпы спартакиада әрі қарай жалғасады. Мамандарымыз волейбол, қазақ күресі сынды спорт түрлерінен де жарысады.

Қатысушылардың барлығына да сыйлық бар. Ал, жеңімпаздарға медальдар және сыйақы табысталады.  

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ГІР СПОРТЫНАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
20:42, 30 маусым 2022
ОБЛЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ГІР СПОРТЫНАН ҮЗДІКТЕР...
Толығырақ...
БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
20:36, 27 маусым 2022
БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Толығырақ...
ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
17:20, 27 маусым 2022
ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...