ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

«VITALNAN»: ДӘМДІ ӘРІ ПАЙДАЛЫ!

17:20, 7 маусым 2021

Петропавлдың нан-тоқаш комбинаты дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдануға шақырады.  Кәсіпорын «Vitalnan»  брендімен  экологиялық таза  пайдалы нан өнімдерін шығарады.  Бүгінге дейін  тұтас дәнді нан,  кептірілген нан пісірсе, жуырда комбинат жаңа желі ашып, қытырлақ  нан да  шығара бастады.  Жаңа өнімнің нарыққа шығуына байланысты  компания  200 шақырымдық эстафета ұйымдастырды.  «Солтүстік Қазақстанда жасалған» маркалы өнімдер спортшылардың денсаулығына қалай әсер етеді? Тілшіміз тарқатсын.

«Vitalnan» өнімі солтүстікқазақстандықтардың арасында аз уақыттың ішінде танылып,  сұранысқа ие болды. Енді нан-тоқаш комбинатының өнімдер қатары толығып, тұтынушыларын қытырлақ нанмен де қуантып келеді.  Жеңіл, қансыз, қытырлақ  слайстың құрамында  ұн жоқ.  Күріш,  қарақұмық пен бидай дәндерінен жасалған өнім  «Феникс» жүгіру клуб мүшелерінің ас мәзіріне  енген.   

ЕРЛАН ҚАЙШЫБЕКОВ, «АЛМАТЫ-НАН»  ЖШС ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- «Феникс» клубы Петропавл мен Көкшетау бағытында 180 км қашықтықты жүгіріп өтеміз деп эстафета ұсынды. Бастамаларын қолдадық.  Біздің өнім еліміздің  9 облысына жеткізіледі.  Сондықтан  тұрғындардың басым бөлігіне танымал. 

Мәреге бірінші болып Әмір  Загрутдинов жетті. Ол 8 командалас спортшысы  сияқты  10 шақырымды бағыдырды. Эстафетаға ұзақ дайындалдым дейді. Спортшылар үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор.   

 ӘМІР ЗАГРУТДИНОВ, «ФЕНИКС» ӘУЕСҚОЙ ЖҮГІРУШІЛЕР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Бұрын тамақтану режимі мен азықтың сапасына тиісті мән бермедім. Спортпен шұғылдана бастағасын, тағамның сапасы мен құрамын байқайтын болдым. Қазір «Vitalnan» компаниясының өнімі күнделікті мәзірімде табылады.  Жаңа өнімнің пайда болғаны да қуантады.  Әсіресе осындай жарыстардың алдында жеңіл, әрі көп қуат беретін тағам жеу керек қой. Қытырлақ слайс солардың бірі. 

Спортшылар үнемі жаттығып, денелерін шынықтырып шеберлігін қалай арттырса  нан-тоқаш комбинаты да жеткен жетістіктерімен шектелмей, үнемі дамып, өнім қатарын арттырып, сапасын жетілдіріп отырады. 

Богдан Петров

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
17:20, 10 маусым 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР
17:20, 9 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
20:50, 7 маусым 2021
ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...