ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР КАРАТЕНІ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР

20:44, 3 қараша 2021

\

Петропавлда зейнеткерлер каратэмен айналысып жатыр. Олардың арасында тіпті түрлі жарыстардың жүлдегерлері де бар. Қазіргі таңда каратэшілер спорттық додаларға қатысуға және сары белбеу алу үшін аттестациядан өтуге тынбай дайындалып жатыр.

Людмила Боброва каратэге 61 жасында келген. Ол бұған дейін бір де бір спорт түрімен айналыспаған. Алғашында әрине қиын болған, бірақ табанды жаттығулардың арқасында ол бүгін көк белбеу иесі атанып отыр.

Людмила БОБРОВА,ЗЕЙНЕТКЕР :

- «Біз мұнда көп нәрсеге үйрендік. Көрдіңіз бе, доп тебеміз, футбол да ойнаймыз. Өте қызықты. Апасына 3 рет бір жарым сағаттан жаттығамыз. Бұл бізге жетіп жатыр.»

Борис Самусев 40 жыл тарих пәнінен сабақ беріп, зейнет демалысына шыққаннан кейін спортпен айналысуға бел буады. Каратэге ол 65 жасында келді. Бойын дендей бастаған аурумен дәрі арқылы емес, осылайша спортпен күреспекші болыпты Алғашқы жаттығуға келгенде оның салмағы 95 келі болған. 2 жыл ішінде ол 30 келіге арықтады.  

Борис САМУСЕВ, ЗЕЙНЕТКЕР:

- «Мен автобусқа кешіккенде жүгіре алмайтынмын. Ентігіп, дем алысым қиындайтын.  Ал мұнда жаттығулар жасаған соң бірте-бірте қалпыма келе бастадым. Алғашында бір аунап түскеннен кейін татамиден тұруым қиын болатын. Ал қазір біраз жаттығулардың соң нәтиже жаман емес. Мұның бәрі төзімділіктің, шыдамдылықтың арқасы деп білемін.»

Жаттықтырушы Людмила Бутенконың өзі де спортқа 40 жасында келген. 49 жасында Еуропа чемпионы атанған екен.  

Людмила БУТЕНКО, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- «Бастапқыда шәкірттерімнің спортқа икемдері болмады. Бірақ жаттығу барысында олар тырысып, мақсаттарына жетіп отыр. Оларға спортпен шұғылданған өте қызықты. 2 жыл ішінде араларынан катадан чемпиондар шықты.» 

Қазіргі таңда 8 адамнан тұратын топ облыстық жарыстарға қатысуға және сары белбеу алу үшін аттестациядан өтуге дайындалуда.

 

Тақырып бойынша материалдар

21 ШІЛДЕДЕ «ҚЫЗЫЛЖАР» ФК КОНФЕРЕНЦИЯЛЫҚ ЛИГАДА ХОРВАТИЯНЫҢ  «ОСИЕК» ФК  ҚАРСЫ ОЙНАДЫ
20:42, 15 шілде 2022
21 ШІЛДЕДЕ «ҚЫЗЫЛЖАР» ФК КОНФЕРЕНЦИЯЛЫҚ ЛИГАДА ХОРВАТИЯНЫҢ...
Толығырақ...
СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
20:45, 14 шілде 2022
СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
20:44, 14 шілде 2022
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар