ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ ІІ ОРЫН

17:26, 14 қазан 2021

Маңғыстау облысында екі күнге созылған VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындары мәресіне жетті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған спорттық шарада солтүстікқазақстандық балуандар қазақ күресінен жалпыкомандалық екінші орынға ие болды.

«Халық Арена» спорт кешенінде өткен белдесулерде «Қызылжар Арландары» спорт клубының өкілдері – Тимур Әбілов, Айдос Сейпіл,  Мерей Абдрасулов, Батырхан Қайырбек, Мейірбек Рахимов, Алтынбек Аусағитов, Мұхит Тұрсынов, Әділ Қайыров және Қизат Халықов өңір намысын абыроймен қорғады. Атап айтқанда, Мерей Абдрасулов, Батырхан Қайырбек және Мұхит Тұрсынов 66,  74 және 100 килограм салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды. Ал Айдос Сейпіл 60 килограм салмақта үздік үштікті түйіндеді. Жарыс қорытындысына сәйкес, Мерей спорт шебері нормативін орындады. Ойындарға 14 облыстан келген 2000-нан астам спортшы қатысты. Облыс командалары теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі, жазғы президенттік көпсайыс және кикбоксингтен жүлдеге таласты. Гір спортынан жерлесіміз Артем Головиннің асығы алшысынан түсіп, бірінші орынды жеңіп алды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
13:05, 18 қазан 2021
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
«QULAGER» ХОККЕЙ КЛУБЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ
13:03, 18 қазан 2021
«QULAGER» ХОККЕЙ КЛУБЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...