Қызылжар ауданында " СҚО Тұлпар " атты ат спорты клубының салтанатты ашылуы өтті. Ұйымдастырушылар бұл шараны ересектер мен балаларға арналған мерекеге айналдырды.Салтанатты ашылуда бағалы сыйлықтардан ұтыс ойындар ойнатылып, шағын концерт ұйымдастырылды. Тілшіміз дайындаған сюжетке назар аударайық.
"Жылқымен емдеу" немесе иппотерапия дегенде есімізге тірек қозғалысында ақауы бар балалар түседі. Десек те оңалтуға мұқтаж жандардың ішінде интеллектуалдық дамуы тежелген балалар да бар. Иппотерапия - психологиямен тікелей байланысты күрделі сала. Ат спорты клубы осы бағыттың дамуына ықпал етеді.
ДУМАН ҚАСЫМ, КӘСІПКЕР:
-Балалар біздің болашағымыз.Біз көмекке мұқтаж,ерекше балаларға назар аударамыз.Айта кетейік бұл спорт клубы қайырымдылық қорының қоғамдық негізінде ашылып отыр. Иппотерапия арқылы көмекке мұқтаж балаларға көмектесеміз.
Мерекелік бағдарлама, мен түрлі байқаулар балалардың көңіл күйін көтерді.Әзірге ат клубында - 3 жылқы және 2 жаттықтырушы бар,алдағы уақытта Қамбар ата төлін арттыру жоспарда тұр.
ИРИНА КОРОТАЕВА, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:
- Біздің клуб жылқыны жалға беру мен жеке топтық сабақтар бойынша жұмыс істейді.Шәкірттерім ер-тоқымда отыруды толық үйренгенен кейін, серуен құратын боламыз. Кез-келген ауа-райында жұмыс істеу үшін арнайы манеж салынған.Иппотерапиямен айналысқымыз келеді.
Атқа міну – көбіне отырып еңбектенетін жандар үшін таптырмас амал. Күйзелісті жояды, дененің барлық бұлшықеттеріне салмақ салып, қозғайды.