Петропавлда 2008-10 жылы аралығында туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыс чемпионаты басталды. Өңірдің әр түкпірінен жиналған 160 жас балуан 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Соңғы өткен республикалық «Ақбидай» ауыл ойындарында СҚО жалпыкомандалық есепте 2 орынға ие болуы өңірдегі қазақ күресінің дамуын айғақтайды. Бүгінде облыс орталығында 3 күрес мектебі бар, бұл жерде 7 жоғары санаттағы білікті бапкер жас балуандарды баптайды.
ҒАЛЫМ САҒДАТҰЛЫ, КҮРЕС МЕКТЕБІНІҢ ӘДІСКЕРІ:
Қазақ күресінен облыс біріншілігі карантиндік нормаларға байланысты жанкүйерлерсіз өтті. 10 аудан мен 4 спорт мектебінің құрамалары «Шаңырақ» спорт мектебінде бас қосып, өзара үздіктерді анықтады. Уәлиханов, Шал ақын және Жамбыл аудандарының балуандары ерекше белдесулерімен көзге түсті.
АЙДЫН РАХМЕТОЛЛА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
Чемпионат жеңімпаздарынан облыс құрамасы жасақталады. Олар Қостанай қаласында өтетін республикалық жарыста өңір намысын қорғайды.