ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

20:48, 23 қыркүйек 2021

Өңірдің жас жеңіл атлетшілері алтын және күміс медальдармен оралды. 2008 жылы туған және одан кіші балалар арасында атлетикалық төрттіктен ел біріншілігі аяқталды. Солтүстікқазақстандықтар   жалпыкомандалық 2 орын алды.

Жүлделі орындар үшін тартыс бірнеше күнге созылды. Біздің өңірдің намысын 6 ұл мен 6 қыз қорғады.  Біріншілік Қарағандыда өтті, Қазақстанның барлық аймақтарынан 9 команда қатысты. Жалпы есепте облыс командасы екінші орын алды.

ЕВГЕНИЙ КЛЕЕВ, "ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА" БЖМСМ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ-ОҚЫТУШЫСЫ:

- Жарысқа бірнеше жыл бойы дайындалдық. Біреу 3 жылдан бері айналысады, ал біреу 4 жыл келіп жүр. Олар лайықты өнер көрсетті. »

Ата-аналар жеңімпаздарды поездан құшақ-құшақ гүл және қошеметпен қарсы алады. Себебі  бұл жас спортшылардың алғашқы сырттағы жарысы.

 ЮЛИЯ БЫЧЕНКО:

- Жеңіл атлетикадан республикалық жарыста менің қызым жалпы командалық есепте күміс, ал жеке есепте алтын медаль жеңіп алды. Медальдарсыз ешкім қалған жоқ. Жаттықтырушыларға көп рахмет.»

Спортшылар өзімізге сенімді болдық. Жүктелеген тапсырманы орындап, артылған үмітті ақтай алдық дейді.

СОФИЯ СОЗОНОВА,СПОРТШЫ:

- «..Жеңіл атлетикамен 3 жылдан бері айналысып келемін. Бұл менің алғашқы маңызды жарысым болды. Мен жеңіске жету үшін бардым.."

 Жаттықтырушылар да, балалар да нәтижелеріне риза. Енді олар келесі жарыстарға дайындықты бастап кетпек.

 

Тақырып бойынша материалдар

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
13:05, 18 қазан 2021
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
«QULAGER» ХОККЕЙ КЛУБЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ
13:03, 18 қазан 2021
«QULAGER» ХОККЕЙ КЛУБЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...