ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

"ЖЕҢІС КУБОГЫН" ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЖАС ХОККЕЙШІЛЕР ЖЕҢІП АЛДЫ

20:48, 18 мамыр 2022

2011 жылы туған "Құлагер" командасының ойыншылары Нұр-сұлтан қаласында өткен "жеңіс кубогы" хоккейінен турнирдің чемпиондары атанды. Оған 6 спорт ұжымы қатысып, солтүстікқазақстандықтар көш бастады. Әріптесіміз дайындаған сюжетке назар аударайық.

Хоккей- нағыз ер адамдардың ойыны. Сондықтан бала күннен жаттығып, шымыр болу керек. Ал Жеңіс кубогының иегерлері небары 11 жаста. Осыған қарамастан ауыр хоккей жабдықтары, ұзақ жаттығулар, командалық ойын, мінездің күші мен реакция жылдамдығын қажет етеді. Жерлес спортшылар тынымсыз жаттығудың нәтижесін көрсетті.

РАФАЭЛЬ СИНГАТУЛИН, "ҚҰЛАГЕР" ХК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

 - Бұл Жеңіс күніне арналған коммерциялық турнир, жыл сайын өткізіледі. Біз оны 5 жыл бойы "Бәйтерек"деп атадық. Хоккейден Қазақстан чемпионатына қатысу үшін маусым алдындағы дайындық ретінде өткізіледі. Чемпионаттан кейін турнир маусымын ұзарту үшін жігіттерге ойнауға мүмкіндік береді.

 Хоккей-командалық спорттың өте әдемі және күрделі түрі. Ол күш пен ептілікті, дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін біріктіреді. Алда балалардың демалысы бар, бірақ жаттығулар мен жиындарды ұмытпау қажет.

НИКИТА ВЕЛИЧКО, КОМАНДА КАПИТАНЫ:

 - Командамыз өте жақсы, бірақ кейбір ойыншыларға пас берумен, конькимен сырғанауды толық меңгеру керек.Оның арқасында біз жақсы ойнай аламыз. Болашақта да бірінші орын алатынымызға сенімдімін.

 АРТУР БАШТАКОВ, КОМАНДА ҚОРҒАУШЫСЫ:

 - Біз жақсы ойын көрсеттік, бірақ бұл жетістік ата-ананың қатысуынсыз болмас еді. Біз ойнағанда, ата-анамыз бізді қолдайтынын сезінеміз, жақсырақ ойнауға тырысамыз. Ата-анасыз біз жақсы ойнап, жеңіске жете алмайтын едік.

 Жас хоккейшілер болашақта үлкен смпортқа бет бұрмаса да, әзірге өңір нгамысын абыроймен қрғап келеді. Олар жаз уақытында да жаттығудан қол үзбек емес

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ГІР СПОРТЫНАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
20:42, 30 маусым 2022
ОБЛЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ГІР СПОРТЫНАН ҮЗДІКТЕР...
Толығырақ...
БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
20:36, 27 маусым 2022
БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Толығырақ...
ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
17:20, 27 маусым 2022
ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...