Петропавлда әйелдер арасында волейболдан ҚР чемпионатының 4-ші туры өтуде. Жерлес волейболшы қыздар астаналық команданы жеңіп, алға шықты.
Партиялар бойынша есеп-3-0. Айта кетейік, "Ару Астана" волейболшылары чемпионатта 26 ойын бойы жеңіске жете алмай жүр. Турнир кестесінде «Қуаныш» командасы 3-орынға жайғасқан. Және медаль үшін таласуға барлық мүмкіндіктері бар. Плей-офф басталғанға дейін Азамат Есімовтың шәкірттері тағы екі тартысты ойын өткізеді. Олардың қарсыластары Алматы және Қарағанды спортшылары болмақ.