4 наурызда Қытай астанасы Бейжіңде қысқы спорт түрлерінен Паралимпиада ойындары басталады. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері алдағы жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайды. Араларында солтүстікқазақстандық спортшылар да бар.
Солардың бірі 27 жастағы конькимен жүгіруші - Иван Аржанников. Спортшы Қазақстан Кубогының иегері және халықаралық біріншіліктердің бірнеше дүркін жүлдегері. Төртжылдықтың басты бәсекесінде ол 500 және 1000 метр қашықтыққа жүгіреді. Сондай – ақ, аталмыш спорттық шарада жерлестеріміздің арасынан пара шаңғы жарысынан спорт шебері Александр Герлиц және ел чемпионы атанған Ербол Хамитов пен Сергей Усольцев қатысады. Естеріңізге сала кетейік 2022 қысқы Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді.