ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ЖҮЗГІШТЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

20:47, 13 қазан 2021

Ақтөбе қаласында жүзуден өткен ел чемпионатында өнер көрсеткен жерлес спортышылар жүлдемен оралды. Өңір намысын қорғаған 8 жүзгіштің 4-і үздіктердің қатарынан көрінді. Келесі бейнематериалға зер салайық.

Ақтөбе қаласында өткен жарысқа әр облыстан 20 құрама қатысты. Барлығы 242 жүзгіш.  Солардың 86-ы әйел, қалған 156-сы ерадамдар. Солтүстік Қазақстанның атынан 8 спортшы барды. Солардың 4-і 15-16 және 17-18 жас аралығындағы топтарда үздіктердің қатарынан көрінді. Облыстың жүзуден аға бапкері Александр Савельевтің сөзінше тәрбиеленушілері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. 

АЛЕКСАНДР САВЕЛЬЕВ, СҚО-НЫҢ ЖҮЗУДЕН АҒА БАПКЕРІ:

  • Бұл жарысқа дайындық тамыз айында басталды. Қуанышымызға орай сарп еткен күшіміз зая кетпеді.Үмітіміз ақталып, тәрбиеленушілерміз үздіктердің қатарынан көрінді. Енді желтоқсан айында өтетін чемпионатта да жеңіске жетсек деген тілек бар.  

Жарыс еркін, баттерфляй, арқамен жүзу, брасс және кешенді жүзу секілді 5 бағдарлама бойынша өтті.  Мирослава Пригоженко спорттың бұл түрімен 11 жылдан бері айналысып келеді. Бойжеткен бірнеше бағдарламаға қатысып, жалпы есепте бірінші орын алды.

МИРОСЛАВА ПРИГОЖЕНКО, ҚР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

  •  Спорттың бұл түрін қатты жақсы көремін. Бұған дейін де бірнеше жарсықа қатысып, жеңіске қол жеткізген едім. Ал, бұл сайысқа басында Қырғызстанда кейін Петропавлда дайындалдық.

 Енді спортшыларымыз желтоқсан айында өтетін халықаралық жарысқа дайындықты бастамақ.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
13:05, 18 қазан 2021
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
«QULAGER» ХОККЕЙ КЛУБЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ
13:03, 18 қазан 2021
«QULAGER» ХОККЕЙ КЛУБЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...