ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Қалалық мәдениет үйінде Тәуелсіздік мерекесіне орай, салтанатты жиын өтті

21:30, 15 желтоқсан 2015

Қала әкімі Марат Тасмағанбетов, облыс орталығының тұрғындарын мемлекеттік мейраммен құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады. Олар Петропавлдың көркейіп, гүлденуіне көзге түсер үлестерін қосқан жандар.

24 жыл бұрын Қазақстан өзін тәуелсіз ел деп жариялаған болатын. Осы аралықта республика түбегейлі өзгеріп, тарихта алтын әріптермен жазылатын оқиғалар тіркелді. Отанымыздың дамуына Петропавлдықтар көп үлес қосты. Өндірістік  сала дамып, мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда. Оның барлығы халықтын әл-ауқатын арттыру үшін жасалуда.

Қаламыздың қоғамдық өміріне белсене қатысқан азаматтарға қала әкімінің алғыс хаттары табысталды. Солардың бірі Лиуза Власова. Журналистика саласының ардагері, «Петропавл фронт және тыл» атты кітаптың редакциялық алқасын басқарды. Ол жеңістің 70 жылдығы қарсаңында жарық көрді.

Марапатталғандардың қатарында «ПЗТМ» АҚ жұмысшысы Шаукат Манапов та бар. Ол 1979 жылдан зауытта еңбек етіп келеді. Оның келіншегі мен жұбайы да аталмыш мекемеде жұмыс істеуде.

Бұл жолы облыс  әкімінің алғыс хатын Интелектуал клубының төрағасы Михаил Романовский да алды. Жарты жыл бұрын құрылған клуб мүшелері, қоғамдағы саяси өзгерістерді талқылап, түрлі шараларға қатысады.

«Петропавл қаласының құрметті азаматы» атағы қалалық маслихаттың депутаты Александр Казанцевқа және «Қазақстандық ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесі» ҚБ филиалының төрағасына да берілді. Салтанатты марапаттау, үлкен концертке ұласты.

 

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
18:10, 4 шілде 2016
Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...