ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойы

13:40, 14 қаңтар 2016

Осы жылдар ішінде атқарылған игі істерді насихаттап, алға сеніммен адымдау – басты мұрат. Бұл орайда Мемлекет басшысы жастарға зор сенім артып отыр. Елдікті, бірлікті сақтап қалатын, Тәуелсіздік тұғырын асқақтататын да сол егемендіктің бел құрдастары екені рас. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының орталығында атаулы мерекенің басталу шарасы өтті. Жиылғандарды өңір басшысы Ерік Сұлтанов құттықтады. Шарада флешмоб ұйымдастырылып, от шашу атылды.

Тәуелсіздік-жасампаз халқымызға сарқылмас қуат беретін көңіліне шуақ құятын асыл мұра. Егемен ел болып қалыптасқанымызға биыл міне 25 жыл толады. Біреуге аз, біреуге көп уақытта еліміз биік жетістіктерге қол жеткізе білді. Облыс орталығына жиылған барша жанды аймақ басшысы Ерік Сұлтанов құттықтап, мерекенің ел егемендігінің есею  жылдарындағы өлшеусіз  еңбегіміздің ширек  ғасырлық белесінің  қорытынды сәті екеніне тоқталды.

Содан соң салтанатты түрде  «Тәуелсіздік жылына 25 жыл акциясы » бастау алды. Аспанға 100 дана әуе шары ұшырылып, отшашу  атылды.

Іле-шала Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері ұйымдастырған флеш моб, жиылғандардың назарына ұсынылды.  Мерекелік флеш мобқа қатысқан 100 студенттің бірі 1студент  Индира Ахметбекова. Ол осындай ел рухын көтеретін шаралар көп болса екен деп тілейді.

Тәуелсіз мемлекетімізде 140 қа жуық ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Қазірде аймақта 98 этностың  өкілдері тұрады. СҚО да 178 этномәдени орталық  бар. Оның 154 і аудандық.  Облыстық ассамблеяның құрамына 73 адам кіреді. Олар да бір кісідей Тәуелсіздік жылын жоғары деңгейде атап өту үшін, қарап қалмаймыз дейді.

Жас отан жастар қанатының мүшелері Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін біршама тер төгілгенін білеміз дейді. Қазір жас өрендердің бейбіт, тәуелсіз елде тұрып жатқандығы осының арқасы. Сондықтан қолда барды сақтап асқақтату жастардың міндеті. Бұл туралы Елбасы да жиі айтып, жастарға көп сенім білдіреді.

Шара жергілікті көркөмөнерпаздардың дайындаған мерекелік концертімен жалғасын тапты.

 

Назерке ҒАЛЫМ

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
18:10, 4 шілде 2016
Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...