ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов солтүстікқазақстандықтарды Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады

22:50, 15 желтоқсан 2015

ҚР Тәуелсіздігіне 24 жыл. Егемен ел болып қарыштап дамуды армандаған барша халқымыз үшін Тәуелсіздік баға жетпес құндылық. Мерекеге орай мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбектері үшін солтүстікқазақстандықтар «Парасат», «Құрмет» ордендерімен. «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, «ҚР құрмет грамотасымен» және аймақ басшысының алғыс хаттарымен, жалпы 52 адам марапатталды. Жиылғандарды облыс әкімі Ерік Сұлтанов атаулы мерекемен құттықтады.

Биыл  Қазақстанның тәуелсіздігіне 24 жыл толғалы отыр.  Осынау ұлық мерекеге арналып Н. Погодин атындағы театрда үлкен салтанатты шара ұйымдастырылды. Барша жиылғандарды бірінші болып облыс әкімі Ерік Сұлтанов ұлық мерекемен құттықтады.

Осындай биік белестерді бағындыруға барша қазақстандықтар сүбелі үлесін қосты. Әлі де мемлекет игілігі үшін талмай еңбек етуге әзір жандар облыста баршылық. Бүгінгі басты награда «Парасат»  орденімен Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров марапатталды. Сан жылдар бойы облыстың өркендеуіне үлес қосып жүрген ол еңбегінің бағаланғанына алғысын білдірді.

Егемендiкке жету жолы қаншалықты қиын болса, сол тәуелсiздiктi сақтап қалу, нығайту ісінің де жүгі соншалықты ауыр. Енді 24 жыл ішінде өз қолымызбен жасаған игілікті істерді жасампаздықпен жалғастыру міндеті тұр дейді «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған Ғ Мүсірепов ауданы әкімінің орынбасары Алтыншаш Тайшабаева. Ол мемлекеттік қызметте 30 жыл еңбек етуде.

Ауылшаруашылығы саласы облысымыздың тірегі десек артық айтқан болмаспыз. Осыдан бірер жыл бұрын ТНС Экспорт ЖШС облысымыздағы ең ірі элеваторды қолданысқа берген болатын. Жылына 5,5 млн тонна ырыс дәнін жиятын Солтүстікқазақстандықтар үшін таптырмас астық қабылдау пункті болды. Қазірде бұл жұмыстар жалғасын табуда. Облыстың әлеуметтік -экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және қоғамдық өмірге белсенді араласқаны үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен аталмыш серіктестіктің бас директоры Қуат Қасен марапатталды. Жас кәсіпкер табыс кілті еңбекте деп отыр.

Жалпы салтанатты шарада 50 ден астам марапат өз иесін тапты. Жиын соңы жергілікті көркемөнерпаздар дайындаған концертке ұласты.

 

Назерке ҒАЛЫМ

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
18:10, 4 шілде 2016
Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...