ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Облыстық сотта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

21:15, 11 желтоқсан 2015

Оған сот жүйесінің ардагерлері, судьялар мен БАҚ өкілдері қатысты. Еліміздің бас мейрамының қарсаңында сала үздіктері құрметті ведомстволық наградаларға ие болды. Осы жерде хұқық тақырыбында қалам тербейтін тілшілер арасында өткен байқау қорытындысы жарияланды.

Қазақстан тәуелсіздік  алғалы мемлекеттік  құрылым  жүйесі түгелдей өзгерді.  Бұл ретте  жаңа  сот жүйесін қалыптастыру,  оның  тәуелсіздігін  қамтамасыз ету басым бағыттардың  бірі  болды, деді  салтанатты  жиынды  ашқан облыстық соттың   төрағасы Мұратғали Әкетай.

Мереке  қарсаңында, қалыптасқан дәстүр бойынша  еңбегімен ерекшеленгендер түрлі наградаларды иеленді.   Облыстық сот төрағасы  Мұратғали Әкетай   ҚР Жоғарғы  сотының  «Мінсіз қызметі үшін» медалімен    марапатталды.  Өңірлік  сот жүйесінің   бірқатар  қызметкерлеріне  сондай-ақ  «Сот  жүйесінің үздігі»,  «ҚР соттарының құрметті  мүшесі»  төсбелгілері табысталды. Ал облыстық соттың  судьясы  Гүлнәр  Бекенова  жоғары награда – «Үш би» құрмет белгісінің  иегері  атанды. 

Тағы бірқатар маман   облыстық сот төрағасының   құрмет грамоталарымен  марапатталды. Сот жүйесінің  жұмысы туралы жазған еңбектері  үшін  аймақтық  және  республикалық БАҚ өкілдеріне бағалы  сыйлықтар табысталды.   Олардың  қатарында  заңгерлік газеттің меншікті тілшісі Инна Лопатко  да бар.

Отырыста сондай-ақ аудандық және оларға  теңестірілген соттардың жұмысын  ұйымдастыруда үздіктердің  анықтауға арналған   байқау қорытындыланды. Жеңімпаздар  сыйлықсыз қалған жоқ.  Айта кету қажет,  Тәуелсіздік  күніне  арналған  салтанатты жиындар  облыс    бойынша барлық деңгейдегі соттарда ұйымдастырылды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
18:10, 4 шілде 2016
Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...