ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ақындар мүшайрасын өткізді

13:40, 19 ақпан 2016

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз...» атты өңірлік сайысқа Петроправл мен аудан ақындары қатысты. Соңғы жылдары дәстүрге айналған аймақтық шарада 16-26 жас аралығындағы 14 адам бақ сынады.

Облыстық деңгейде мүшайра өткізу соңғы жылдары игі дәстүрге айналған. Негізгі мақсаты: жас ақындарды анықтап, қолдау көрсету, шеберліктерін шыңдау. Әрине, жас буынның бойына ұлттық мәдени рух пен ұлтжандылық сіңіру де осындай шаралардан бастау алмақ. Бір қуантарлығы, биыл қатысушылардың арасында мектеп оқушылары баршылық. Демек, жас таланттардың қатары көбейіп келеді.

Байқау үш кезеңнен тұрады. Алғашқы екеуі «Тәуелсіздік – тұғырым» және «Таза ой мен көркем тіл» деп аталады. Бұл жерде қатысушылар тақырыпқа сай алдын ала жазған өлеңдерін қазылар алқасының назарына ұсынады. Мүшайра қатысушыларының дені жыр шумақтарын ұйқастыра жазумен қатар, мәнерлеп оқудан да ерекшелене білді. Ал, ақындардың сөз қолданысы, ой жүйелігі, дауыс мәнері мен сахна әдебі - сарапшылардың үміткерлерге қойып отырған негізгі талаптары.

Аудандық кезеңнен бірінші орынды қанжығалап, облыстық мүшайраға жолдама алғандардың бірі – Әйгерім Қазиева. Аққайың ауданының намысын қорғағалы келген мектеп мұғалімі бесінші сыныптан өлең жазады екен. Анасынан дарыған қасиетін жоғалтпай, шеберлігін шыңдауда. Дегенмен, суырып салма өнерінің әлсіз екендігін жасырмады. Ал, мүшайраның шарты бойынша үшінші кезеңде қатысушылар сахнада берілген тақырыпқа сол жерде өлең шығаруы тиіс.

Әр кезеңде сайыскерлерге екі минут беріледі. Осы уақытта ол ақындық қасиетін, тіл мәнері деңгейін көрсете білуі тиіс. Әрине, жеңіс бар жерде, жеңіліс те бар. Сондықтан, тек үздік деп танылған ақындар ғана бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

 

Фариза ЖАЗИТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
18:10, 4 шілде 2016
Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...